Назарбаев Университетінің студенттері iGEM-2018 конкурсында алтын медаль жеңіп алды

2018 жылғы 24 – 28 қазан аралығындағы кезеңде  Назарбаев Университетінің «NU_Kazakhstan» студенттік командасы Бостон қаласында, АҚШ, өткен  iGEM 2018 (International Genetically Engineered Machine) конкурсында алтын  медаль жеңіп алды. Бұдан басқа, Назарбаев Университеті студенттерінің командасы алғаш рет «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі үздік жоба»  атағына ие болды.

Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебінің үш студенті Дәулет Айтымбаев, Әсел Мұқанова және Әйгерім Әбдіманова «Қауіпті қалдықтардан бастап функционалдық наноматериалдарға дейін: Цианобактерияларды пайдалана отырып, күкіртті мұнайдың қалдықтарын  биоремедиациялау» жобасын халықаралық конкурсқа ұсынды. Жобамен танысу үшін мына сайтқа кіріңіз: http://2018.igem.org/Team:NU_Kazakhstan

Назарбаев Университетінің  студенттер командасы праймермен қамтамасыз еткені үшін Ғылым және технологиялар мектебінің ассистент профессоры Абдулла Махбубқа және Ұлттық ғылыми биотехнология орталығына өз алғысын білдіреді.

Осы жылғы студенттік команданың мүшелері: Дәулет Айтымбаев, Әсел Мұқанова, Әйгерім Әбдіманова, Ләззат Бекіш, Нихола Мираширова, Қуаныш Сарқытбаев, Атабек Бектас, Айдана Төлешова, Томирис Мүлікова, Аягөз Мейірханова, Рамина Әдбімананова, Алямдар Әскеров, Айғаным Әбдірайымова,  Нұргүл Махметова және Мәлика Хасенова.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Ғылым және технологиялар мектебінің жоғары курсының үш студенті Вальдемир Ким, Мәриям Әкіжанова және Еркежан Қалиханова  осы халықаралық конкурста синтетикалық биология бойынша «Микробалдырларды пайдалана отырып ағынды сулардан Cr (VI) биоремедиациялау» жобасын ұсынып, алтын медаль алған болатын.