Назарбаев Университетінің студенттері iGEM 2017 конкурсында алтын медаль жеңіп алды

Қарашаның 9-13 аралығында Бостонда, АҚШ, әлемнің әр елінен келген командалар синтетикалық биология бойынша  Giant Jamboree-да  өз жобаларын жасайтын және таныстыратын iGEM (International Genetically Engineered Machine) халықаралық конкурсы өтті. Биылғы конкурсқа 310-ға жуық командалар қатысты.

Биыл Ғылым және технологиялар мектебінің 4-курсының   3 студенті (барлығы 14 студент), NU iGEM командасының мүшелері: Валдемир Ким (команда капитаны), Мариям Әкіжанова, Еркежан Қалиқанова «Микро балдырларды пайдалана отырып, ағынды сулардан Cr (VI) биоремедиациялау» жобасын ұсынды.

Назарбаев Университетінің студенттері тамаша таныстырылым өткізді, постерлік сессияның шеңберінде төрелер қойған қосымша сұрақтарға жауап берді және алтын медальға ие болды.   

Жоба туралы ақпаратты мына жерден алуға болады http://2017.igem.org/Team:NU_Kazakhstan

International Genetically Engineered Machine (iGEM) халықаралық қоры білім беру және бәсекелестік  мәселелерімен, синтетикалық биологияны дамытумен және ашық қоғам мен ынтымақтастықты дамытумен айналысатын тәуелсіз коммерциялық емес ұйым болып табылады.

iGEM 2003 жылғы қаңтарда білім алушылар жасушалардың жыпылықтауына (флоуресценция) арналған биологиялық құрылғыны әзірлеген Массачусетс технологиялық институтында  (MIT) дербес оқу курсы ретінде іске қосылды. Осы курс  2004 жылы 5 команда үшін жазғы жарыстар ұйымдастырды және  2005 жылы 13 командаға дейін өсті; 2016 жылы қатысушылар саны 42 ел мен  5000-нан астам қатысушылары бар 300 командаға дейін ұлғайды.

Біз НУ студенттері мен NU iGEM командасының жетекшілері: химия профессоры Абдулла Махбубты және биология профессоры Иван Воробьевты шын жүректен құттықтаймыз.

NU iGEM командасының қатысушылары, Ғылым және технологиялар мектебінің студенттері:

Бакалавриат бағдарламасының студенттері:

4-курс студенттері, биология:

Валдемир Ким, Мариям Әкіжанова, Еркежан Қалиқанова, Қымбат Мұхтарова

3-курс студенттері, биология:

Әйгерім Әбдіманова, Жасұлан Исполов, Альмира Жантұяқова, Никола Маширова, Сәния Айтмағанбетова

2-курс студенттері, биология:

Дәулет Айтымбаев, Ләззат Бекіш, Ерсұлтан Мирасбеков, Әсел Мұханова

Сондай-ақ  магистратура бағдарламасының 1-курс  студенті Сұлтан Мұсахан.