Назарбаев Университетінің студенттері EY компаниясында ақылы тәжірибе жинайды

28 қазан күні Astana Business Campus Технопаркі алаңында Назарбаев Университетінің студенттері арасында үздік бизнес және digital  идеялар тұсаукесеріне арналған Nazarbayev University Research and Innovation System және EY бірлесіп ұйымдастырған BIG – business idea generator конкурсы болып өтті.

25 жылдық мерейтойын тойлау шеңберінде EY (Эрнст энд Янг) Қазақстанда Назарбаев Университетінің студенттерінің арасында ЕҮ арналған ең үздік бизнес және digital идеялар конкурсын өткізді.

Конкурсқа студенттерден құралған 10 топ қатысты, олар өз идеяларын үш бағыт бойынша ұсынды:

– мемлекеттік секторға арналған Blockchain технологиясы негізіндегі жобалар идеясы;

– ауыл шаруашылығына арналған Artificial Intelligence технологиялары негізіндегі жобалар идеясы;

– Talent Management саласындағы жобалар идеясы (компанияларда/ұйымдарда таланттарды тарту және ұстап қалу).

Іс-шараны Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу ашты. Сонымен қатар, конкурсқа Назарбаев Университетінің провосты Илесанми Адесида, Назарбаев Университетінің инновациялар және ғылым бойынша вице-президенті Қанат Байғарин, Назарбаев Университетінің студенттер істері және халықаралық серіктестік бойынша вице-президенті Қадиша Даирова, Назарбаев Университетінің академиялық мәселелер бойынша вице-провосты Лоретта О’Доннел, «NURIS» ЖМ бас директоры Айдар Жақыпов қатысты.

Қазылар алқасында Қазақстан және Орталық Азиядағы бизнес, маркетинг және коммуникацияны дамыту тобының жетекшісі Дана Исабаева, АТ басқару және АТ тәуекелдер саласында қызмет көрсету бөлімінің аға менеджері Руслан Смағұлов бастаған ЕҮ өкілдері және гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің деканы Даниэль Пью, жоғары бизнес мектебінің профессорының ассистенті Давлатбек Абдувалиев, инновацияны дамыту департаментінің директоры Олжас Махамбетов бастаған Назарбаев Университетінің өкілдері болды.

Конкурс қорытындысы бойынша ең функционалды және бірегей бизнес-идеялар таңдалған, ал жеңімпаздар Бизнес Академиясында тегін тренингке сертификаттар және ЕҮ ақылы тәжірибеден өтуге шақыртулар алған. Сонымен қатар, топ басшылары өз жобаларын 2017 жылғы 2 қарашада Қазақстандағы ЕҮ 25 жылдығына арналған ресми кешкі аста ұсына алады, мұнда ЕҮ басшылығы, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер және ең ірі мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың бірінші басшылары болады.

BIG жеңімпаздары:

Artificial Intelligence бағыты бойынша ең үздік идея Ерсұлтан Тлембаев және Арман Нұрлановтың «N3XT»  тобы болды.

Talent management бағыты бойынша ең үздік идея құрамында Анар Жұмағали, Сұлтан Ақжігітов, Айнұр Жүсіпова және Бауыржан  Ибрагимов бар «Specter» болын танылған.

Blockchain бағыты бойынша ең үздік идеяның тұсауын Әкежан Мусса бастаған «SAG» тобы кесті.

ЕҮ 25 жылдығына арналған ресми кешкі асқа шақыртуды топтардың басшылары Ерсұлтан Тлембаев (N3XT), Анар Жұмағали (Specter) және Әкежан Мусса (SAG) алды.

ЕҮ ақылы тәжірибеден өтудің бірегей  мүмкіндігі Ақниет Амантаева (Doctor Green), Сұлтан Ақжігітов және  Бауыржан Ибрагимовқа (Specter) берілді.

Арман Нұрланов (N3XT), Архат Байгундинов (Determined Men) және Айнұр Жүсіпова (Specter) ЕҮ Бизнес Академиясында өтетін тегін тренингке сертификаттар алды.

BIG – business idea generator конкурсының барлық қатысушыларын өз идеяларының тұсаукесерінің сәтті өтуімен құттықтап, жетістік және өз жобаларын жемісті жүзеге асыруды тілейміз!

Astana Business Campus инновациялық кластерінің іс-шараларына қатысқыңыз келе ме? Біздің әлеуметтік  желілердегі жаңалықтарымызды қадағалап, жаңалықтардан құр қалмаңыздар:

🌐 Facebook Instagram VK

☎ +7 (7172) 70 61 28

📩 pr.nuris@nu.edu.kz