Назарбаев Университетінің студенттері екі жыл қатарынан «Astana Startup Weekend» конкурсының жеңімпазы болып отыр

Назарбаев Университетінің студенттері екі жыл қатарынан «Astana Startup Weekend» конкурсының жеңімпазы болып отыр. Биылғы жылы жюри саңырауқұлақтардың ерекше түрі арқылы қоқыс қалдықтарын жою жобасын ең үздік деп таныды. Жобаның авторлары – бірінші курс студенттері Әлібек Молдақожаев пен Ақерке Амангелдина 500 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық алды.
Акерке Амангельдина «экономика» мамандығы бойынша 1 курста оқиды, Әлібек Молдақожаев – «билогия» мамандығы бойынша 1 курс студенті. Бұл – Әлібек Молдақожаевтың екінші жеңісі. Өткен жылы Foundation Дайындық бағдарламасында оқыған Әлібек Молдақожаев Бауржан Оспанмен және Диас Әлімбаймен бірлесіп, «Fly farm» жобасымен құстарға арналған ақуызды жем шығару фермасының конкурсында жеңімпаз болған. Тағы да айта кететін жайт, биылғы жылы «Робототехника және мехатроника» мамандығының бірінші курсында білім алушы Бауржан Оспан «ASEMa-01» роботы бойынша жеке жобасымен конкурс финалына шықты.
Бұдан да басқа, «Робототехника және мехатроника» мамандығының бірінші курсында оқитын студент Диас Әлімбай суицидтің алдын алу жөніндегі жобасымен жюри назарына ілігіп, «Ең үздік smart идеялар» номинациясында ерекше аталды. «One Life» жобасы жоғары деңгейдегі шешімі бар бейне жабдықтарды пайдалана отырып, эмоцияларды белгілеу арқылы адамның микромимикасын сәйкестендіру бойынша технологиялық шешім болып табылады. Номинацияны беруші – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Диасқа ноутбукты табыс етті.
Инновациялар мен жоғары технологиялар Назарбаев Университетінің білім беру бағдарламаларын негізін құрып отыр. Университеттің инфраструктуралық құрылымы, оның ішінде жаңа жоғары технологиялық құрал-жабдықтарымен жабдықталған зертханалар студенттерге тұңғыш курстардан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді.

apkecm.nu.edu.030710

Фото ASW.KZ
Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz