Назарбаев Университетінің студенттері Canon конкурсында жүлделі орынға ие болды

2017 жылғы 6 қыркүйекте Алматыда Canon компаниясының “Болашақ энергиясы” тақырыбындағы конкурсы өтті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі “ЭКСПО-2017” Австрия павильонында өтті.

Конкурстың қазылар алқасын қазақстандық танымал өкілі, кино – режиссер, актер және жазушы Сатыбалды Нарымбетов, 40 жылдан астам тәжірибесі бар фотограф, танымал 45 мыңнан астам адам аудиториясымен YouTube әлеуметтік желісіндегі бейнеблоктың авторы Михаил Топтыгин, режиссер, фотограф, командалардың тәлімгері Рубен Казарян, “Астана ЭКСПО-2017″ ұлттық компаниясының” АҚ-тың басқарушы директоры, жаңа технологиялар және IT директоры Владимир Соболев, Canon CEE компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Александр Смирнягин құрады.

Назарбаев Университеті Инженерия мектебінің және Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің студенттері Диас Иман, Жанна Галиева мен Раушан Жахина топтасқан “Montage of Heck командасы” үшінші орын алды. Өзінің фильмінде НУ студенттері “Болашақ энергиясы” тақырыбы біздің әлемде тек қана жаһандық ауқымда ғана емес, сонымен қатар одан төмен ауқымда, мысалы, отбасы сияқты тақырып қаншалықты маңызды екенін көрсеткісі келген. Сценарийді дайындық кезеңінде “Montage of Heck” командасына Асиф Ханның (ЭКСПО 2017 Британдық павильонының дизайнері) ЭКСПО-ның өзі үшін маңыздылығы туралы сөзі ұнады. Оның дәйексөзіне шабыттанып, олар ұрпақтар байланысы мен әртүрлі ұрпақтардың жаңа, балама нәрсеге көзқарастары қалай ерекшеленетіні туралы, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дамуына және жаңартылатын энергия тақырыбына қатысы жағынан жастарға жеткілікті көңіл бөлудің маңыздылығын көрсететін фильмді түсірді.

Конкурстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің “Space Nomads” командасының бейнеролигі, екінші орынды Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтының “Nomads, the Creators” командасы алды.

“Болашақ Энергиясы” тақырыбындағы ең үздік студенттік бейнетаспа бойынша конкурс 15 мамыр күні басталып, 25 тамыз күні аяқталғанын естеріңізге сала кетейік. Әрбір қатысушы университетке түсірілім жасау үшін EOS C300 және XF305 Canon бейнекамералары кәсіби аппаратура жиынтығы ұсынылды. Университеттерден қатысушылар мен олардың тәлімгерлерінің ұшу шығыстары Canon компаниясының есебінен жүзеге асырылды. Конкурстың барлық қатысушылары атаулы сертификатпен марапатталды.