Назарбаев Университетінің студенттері бағдарламалау бойынша әлемдік чемпионаттың Солтүстік-Шығыс Еуропалық жартылай финалды өңірінде жеңімпаздары атанды

Назарбаев Университеті жарыста төрт команда болып шықты, және Нұрлан Қанапин, Әділет Жақсыбай, Әнуар Диханов құрамындағы команда озық болып шықты.

Назарбаев Университетінің студенттеріне Ресей, Өзбекстан, Украина және Грузия командалары қарсы тұрды. Финалға барлығы 229 командадан 18 өтті. Жарыс 2013 жылғы 30 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Ташкент қаласында өтті. 

Назарбаев Университетінің командасы шыққан бағдарламалау бойынша әлемдік чемпионаттың Солтүстік-Шығыс Еуропалық жартылай финалды өңірі аумақты қамту бойынша, және команда-қатысушылардың сандары бойынша әлемде ең үлкен болып табылады.

Әлемдік тәжірибе ICPC осы жарысындағы университет студенттерінің жеңісі ақпараттық технология саласын дамытудағы жоғары деңгейлі ел ретінде Қазақстан Республикасының бет-бейнесіне оң әсерін тигізетінін көрсетеді.

Бағдарламалау бойынша халықаралық студенттердің олимпиадасы (ACM/ICPC) — бағдарламалау бойынша ең үлкен студенттердің командалық олимпиадасы. Олимпиада 1970 жылы Техас университетінде өткізілген жарыстан бастау алады. Қазіргі кездегі өзінің бейнесін чемпионат ақпараттандыру бойынша ACM жыл сайынғы конференциясының шеңберінде бірінші финал өткізілген кезде 1977 жылы алды және содан бері жыл сайын өткізіледі. 

Назарбаев Университетінің командасы чемпионатта 2012 жылдан бастап қатысады және бұдан бұрын жартылай финалды деңгейде ғана қатысты. Осы жылдың жеңісі бұл команданың мақсат қойған нәтижесі. «Біз университетті ұятқа қалдырмау үшін және Қазақстанды лайықты көрсете білу үшін тырысу керек екендігін білдік», – дейді студенттер.

НУ-де Сomputer Science (Компьютерлік технологиялар) мамандығы бойынша 112 студенттер оқиды, шетелдің профессорлық-оқытушыларының құрамы алгоритмдер теориялары, жоғары өнімді есептеулер, ұтқыр және желілік технологиялар салаларында, әртүрлі салаларда ақпараттық жүйелерді және т.б. әзірлеуде зерттеулерін жүргізеді. Назарбаев Университетінің Ғылым және технология мектебіне жыл сайын шамамен 200 студенттер түседі.

?????????????

?????????????