Назарбаев Университетінің студенттері алтын медальге қалай ие болу керектігін айтты

Біз қазірдің өзінде, АҚШ-тың Бостон қаласында қарашаның 9 және 13 аралығында Ғылым және технологиялар мектебінің 4 курсының үш студенті, НУ iGEM командасының мүшелері Вальдемир Ким, Мәриям  Акижанова және Еркежан Қалиханова синтетикалық биология бойынша халықаралық iGEM конкурсында (International Genetically Engineered Machine) «Биоремедиация Cr (VI) ағынды сулардан ұсақ балдырларды пайдалану» жобасын ұсынып, алтын медаль алды.

Осылайша, бүгін біз нақ осы жерде Назарбаев Университетінің студенттеріне синтетикалық биология саласында жаңа дағдыларды дамытуға, білім мен ұғым алуға мүмкіндік берілетін,  сондықтан білім беретін деп атауға болатын, жоғары курс студенттері құрған НУ iGEM студенттік клубы туралы нақтырақ айтып береміз.

Клуб президенті Вальдемир Кимнің айтуынша, барлығы 2013 жылы, жоғары курс студенттері алғаш рет команданы құрғанда басталған, жобаны ойлап тауып, оны Бостонда таныстырды. Алайда, олар жүлделі орны ала алмады. Сондықтан қайтып оралғанда олар халықаралық конкурстың форматы мен талаптарын егжей-тегжейлі зерттей бастады және сонымен бір мезгілде студенттерге молекулалық биология және синтетикалық әдістер мен техникаларды оқытып үйретуге кірісті, ғылыми эксперименттер мен жобаларды жүргізуге көмектесті. Осылайша,  НУ iGEM студенттік клубы пайда болды.

– Конкурсқа дайындық әрдайым жоба бойынша идеяларды іріктеуден басталады, содан кейін әрбіреуі өз жобасын қорғайды, ал ең үздіктерін профессорға таныстырады. Өз кезегінде, профессор жобада қойылған мәселелердің бірегейлігі мен өзектілігін ескере отырып, оны жақсарту туралы кеңестер береді. Осылайша, жобаның мысалында балаларда міндеттер мен мақсаттарды қоюдан бастап, осындай зерттеулерді зерделегуге, теориялық және практикалық материалды іздеугі және т.б. дейін, ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу ұғымы қалыптасады, – дейді Мәриям Акижанова.

Сонымен қатар, студенттік клубта дайындық талдамалық жұмыстан басқа, студенттер стандарттар стандартты зерттеу мен олардан ауытқудың стандартты хаттамаларын практикада пысықтап, зертханаларда жұмыс істеуге дағдыланады. Мұндай практикалық жұмыс жүргiзiлетiн зерттеулердің толық көрінісін көруге, биологиялық материалдарды жинау әдістерін меңгеруге, олардың пайдалануға,  себеп-салдарлық байланысын анықтауға, сондай-ақ тиісті нәтижеге және зерттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін одан әрі эксперименттерді әзірлеуге  көмектеседі.

Теориялық және практикалық дағдыларды үздіксіз қолдану есебінен студенттер зерттеу жұмысына көмектесетін негізгі стратегиялық ойларды дамытады. Студенттік клубтың арқасында балалар гранттық өтінімдерді жазуға, бюджетті қалыптастыруға, кейінгі жобалар үшін реагенттер сатып алуды жоспарлауды практикалық тұрғыда үйренеді.

Қазіргі уақытта клубта 13 биолог-студент бар және енді клубқа әртүрлі мамандандық студенттерін: бағдарламашыларды, робот техниктері мен инженерлерді тарту жоспарлануда,  себебі жаңа жоба үшін жан-жақты ғылыми және жүйелі тәсіл қажет. Балалар қазірдің өзінде жаңа iGEM-2018-ге қатысуға өтініш берді. Алда қызықты жұмыстар мен жаңа жетістіктер күтіп тұр.

Ғылым және технологиялар мектебінің 4-курс студенттері ретінде Вальдемир мен Мәриям практикалық хирург болу және ғылыми зерттеулерін жалғастыру үшін Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде оқуын жалғастыруды шешті. Медицина мектебін таңдаудағы негізгі факторларының бірі туысқандарынан алшақтамай, үйде америкалық стандарттар бойынша медициналық білім алуға мүмкіндіктің берілуі болды. Екінші маңызды фактор – Медицина мектебі студенттерінің University Medical Center (UMC) клиникаларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктерінің болуы.

Естеріңізге сала кететін жайт, Назарбаев Университетінің стратегиялық мақсаттарының бірі Медицина мектебінде  студенттерді оқытуды, National Laboratory Astana ғылыми орталығындағы зерттеу қызметін және UMC клиникаларында жаңа әзірлемелерді практикалық пайдалануды қамтитын интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі моделін жасау болып табылады.