Назарбаев Университетінің студенттерге арналған антистресстік акция өткізілді

Назарбаев Университетінің Кітапханасы НУ Психологиялық консультация Орталығымен бірге 13-24 қараша аралығында емтихан сессиясы кезінде студенттерге психологиялық қолдау көрсету бойынша акция өткізді.
Акцияның бағдарламасы психикалық күйзелісті жою және психоэмоционалды жағдайды түзету үшін құрылған кітапханада бейімделген өнер аймағын қамтиды, ол өз кезегінде оригами үшін реквизиттер, бояу, уақытты басқару жоспарларын құрастыру, SMART мақсаттарын құрастыруға арналған нысандарды және тағы басқалрды қамтиды.
Семестрлік емтихандарға дайындық кезіндегі психоэмоционалдық стрессті жою үшін НУ Психологиялық консультация орталығы 2 апта бойы: релаксация, медитация және арт-терапия сессияларын өткізді.

Іс-шараның екінші аптасында (20 - 24 Қараша) кафе “Күнде” және НУ Психология клубы:
● Атриумдағы төрт күндік арт-терапия сессиясын өткізді (психолог, арт-терапевт Жемис Нұржановаға үлкен ризашылығымызды білдіреміз);
● Starbucks мастер класс кофе пісіру және дәм тату;
● Ашық микрофон;
● Би флеш-мобы;
● Тегін құшақтасу (Free hugs);
● Жастықпен шайқасу (Pillow fight).