Назарбаев Университетінің стратегиялық әріптестерінің жыл сайынғы кездесуі

2018 жылдың 4-5 маусымында Назарбаев Университетінде (бұдан әрі – НУ) НУ стратегиялық әріптестерімен жыл сайынғы кездесу өтті. Әріптестер кездесуінің тақырыбы: «21-ғасырдың университетін ой елегінен қайта өткізу. «Технологиялық жаңылыстарға қатысты сын-қатерлер мен жауаптар.  Біздің әріптестігімізге тиетін салдары: жол алға жетелейді.» ол  Төртінші индустриалды революцияның сын-қатерлерімен және мүмкіндіктермен айқындалды.

Кездесуге Висконсин Мэдисон Университеті (АҚШ), Дьюк Университеті, Фукуа бизнес мектебі (АҚШ), Питтсбург Университеті (АҚШ), Кембридж университеті (Ұлыбритания), Сингапур ұлттық университеті, Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі (Сингапур), Пенсильвания Университеті (АҚШ), Питсбург Университетінің Медициналық орталығы (АҚШ), Оук Ридж университеттер қауымдастығы (АҚШ) және Колорадо Тау-кен ісі мектебі (АҚШ) ЖОО-әріптестерінің өкілдері қатысты.

Кездесу салтанаты Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Кацудың кіріспе сөзімен ашылды, ол әріптестерін құттықтап, ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдірді және Университетпен әріптестікті жаңа деңгейде жүзеге асыруда бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін және халықаралық ғылыми-зерттеу университетін әріқарай құруды жалғастыруды, ол Еуразияның тартымдылық пен даму нүктесі болатынын атап көрсетті.

Кездесудің алғашқы күнінде Әріптестер  4.0 Индустриясы классикалық білім беру жүйесіне қаншалықты әсер ететінін, технологияның оқу үдерісіне қандай әсері болатынын, университеттерден қандай дайындық қажет екенін және Университеттің қызметкерлерін өзгерістер енгізу бойынша оқыту және қайта даярлау сияқты мәселелерін талқылады. Екінші күні Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің ғылым саласындағы Вице-деканы, қауымдастырылған профессор Эдуардо Арарал «Әріптес мекемелердегі зерттеу стратегиясы. Серіктестер НУ-ды қалай қолдай алады?» тақырыбына семинар өткізді. Сонымен қатар, Питтсбург Университеті, Питсбург Университетінің Медициналық орталығы, Оук Ридж университеттер қауымдастығы, Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебінің деканымен бірлесіп  «Инновациялық бірліктер, жергілікті инкубация және кәсіпкерлік ынтымақтастық» тақырыбына семинар ұйымдастырды.

Назарбаев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әлия Қаймолдинова: «Болашаққа дайындық кезінде біз әлемді және экономиканы өзгерту қарқынын сақтауға және болашақ түлектерді дайындауға арналған құрал ретінде жаңа технологияларды пайдалануды ескеруіміз керек – деп атап өтті.

Бұдан басқа, жоғарыда аталған әріптестер Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен 2018 жылдың 1-ші маусымында болған университет түлектерінің IV оқу бітіру рәсіміне қатысты.