Назарбаев Университетінің қауымдастығы арғымақты союдан құтқарды

Бұл болған оқиға жаңа жылдық мерекеден кейін басталған. Назарбаев Университетінің қауымдастығы Талисман атты арғымақты союдан құтқарды. Талисман мекенжайын Петропавл маңындағы ауылдан Астана қаласына ауыстырып, енді Астана – Ботай – Астана жазғы антропологиялық турға сәтті дайындалып жүр.

Оқиға НУ ГӘҒМ оқытушысы, антрополог Ұлан Биғожинның алдағы жазда Астана-Ботай ат жарыс турына қатысу үшін ат іздеуінен басталған болатын. Астана-Ботай-Астана ат жарыс өткелі бірегей оқиға болып табылады. Қатысушылар атқа мініп, Астанадан Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының шекарасындағы Ботай қонысына дейін 900 км қашықтықты өткермек. Дәл осы жерде энеолит дәуірінде тікелей Пржевальский арғымағының тұқымына жататын сәйгүлік қолға үйретілгені анықталды.

“Мен интернетте жарнама хабарларды қарап отырғанда, бір ат байлаушы берген аттың соғымға сатылатыны туралы ақпаратқа тап болдым. Тіпті сатылатын аттың суретін де көрдім. Бұл – асыл тұқымды айғыр (орыстың Орлов желістісі мен Владимирлік ауыр тартқышын аты будандастырылған). Суреттегі аттың әсем келбеті мен көзқарасының жұмсақтығы мені қызықтырды. Солтүстік ат өсірушілер санаулы ғана болғандықтан,  Талисман туралы ақпарат тез жиналды.

Талисманның бұрынғы қожайыны оны Петропавлдың ипподромында ұстаған болатын. Сәйгүлікті барлық бала-шаға жақсы көреді екен. Оның нәзіктігі мен төзімділігін барлығы байқапты. Осыдан кейін Талисманды сатқан және оны  дала табынына қосқан. Кейін Талисманның денсаулығы нашарлай бастағанда, оның жаңа қожайыны атты семіртіп, сатпақшы болыпты. «Аттың сатылуы туралы хабарландыруға сілтемені НУ-дағы әріптесім, ассистент-профессор Дженни Лехтиненге (Jenni Lehtinen) жібергенімде, ол шұғыл түрде Талисманды құтқару науқанын бастауды ұсынды» – деді доктор Биғожин әңгімесінде.

Лехтинен мен Биғожиннің бастамасына басқа да әріптестер мен студенттер қосылды. Жиналған сома атты сатып алып, оны Астанаға көшіріп, астаналық ипподромға орналастыру жеткілікті болды. Ипподромда атты кәсіби ветеринар қарап шығып, оған ем тағайындады. Қазір Талисман өзін әлдеқайда жақсы сезінеді: ол артық салмағын тастап, жүзі жақсарып, жаттыға бастады.