Назарбаев Университетінің Президенті мемлекеттік медальмен марапатталды

2018 жылдың 3 шілдесінде Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу мырзаны «Астана қаласының дамуына зор үлес қосқан үшін»  мемлекеттік медалімен  марапаттады.

Еуразия жүрегінде, Астана қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан – Назарбаев Университеті, осылайша еліміздің одан әрі дамуына ықпал ететін ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру саласындағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға бағытталған. НУ-дың негізгі ерекшеліктері болып табылатындар: заң түрінде бекітілген академиялық еркіндік және институционалдық дербестік, халықаралық оқытушы-профессорлар құрамы, оқыту мен ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі тілі ағылшын тілі, оқуға түсу және оқу кезінде қойылатын қатаң академиялық талаптар, сондай-ақ бакалавриат бағдарламасынан бастап білім мен ғылымды интеграциялау.

Шигео Катсу мырзаның басшылығымен, 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап, Назарбаев Университеті түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жетті.

2017 жылы Назарбаев Университеті Азия университеттері Альянсының бірлескен құрылтайшылары ретінде табылды, сонымен қатар бірлескен  зерттеулер, оқытушылар, және студенттер алмасу, бірлескен жазғы бағдардамалар саласында, сондай-ақ бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізуде күш-жігерді біріктіру үшін 15  құрылтайшы-университет арасында тығыз байланыс орнатуға септігін тигізді.

Сонымен қатар, 2015 және 2017 жылдары Назарбаев Университетінің екі мектебі: Тау-кен жəне жер туралы ғылымдар мектебі мен Медицина Мектебі  алғашқы студенттерге есіктерін ашты.

Назарбаев Университеті қауымдастығының атынан Президент Шигео Катсуды осы мемлекеттік  марапатының иегері болған  үшін  шын жүректен құттықтаймыз!