Nazarbayev University Building

Назарбаев Университетінің пәндерді ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы халықаралық сараптамадан сәтімен өтті

 

Назарбаев Университетініің пәндерді ағылшын тілінде оқыту бағдарлама сәтті түрде халықаралық тәуелсіз сараптама өтті, және келесі санаттар бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестігі анықталды: 1) менеджмент, 2) инфрақұрылым мен ресурстар 3) контент 4) әдістеме. Халықаралық бағалау қолданыстағы білім беру бағдарламасының сапасын тексеруге, және де халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтауға мүмкіндік берді.

Есіңізге сала кетсек, соңғы екі жыл ішінде жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін Назарбаев Университетінде қазақстандық 5 мың  мұғалім даярлық өтті.  Қазақстан Республикасында үш тілде білім беру саясаты аясында 2017-2018 жылдары Назарбаев Университеті химия, физика, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту үшін 5 мыңнан астам қалалық және ауылдық мектеп мұғалімдерін дайындады. Бағдарлама түлектері тиісті халықаралық тілдік емтиханды ойдағыдай тапсырып, қажетті ағылшын тілін меңгеру деңгейі – B2 деңгейін растады.

Химия, физика, биология және информатика пәндерін орта мектептердің 10-11 сыныптарында ағылшын тілінде оқыту 2019 жылы басталады деп күтілуде.

ЕСЕПТІ ЖҮКТЕУ