Назарбаев Университетінің кітапханасына 1 мың кітап сыйға тартылды

Рәсімді ашу кезінде Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу атап өткендей, «осындай бағалы сый Назарбаев Университеті үшін үлкен олжа». Оның айтуынша, бүгін Назарбаев Университетінің кітапханасы Қазақстан деңгейінде ағылшын тіліндегі кітаптардың, периодикалық басылымдар мен электрондық ресурстардың ең үлкен коллекциясына ие болып отыр. Ал сыйға берілген кітаптар коллекциясы, әрине Университеттің кітапхана қорының бағалы топтамасы болып табылады.

Өз кезегінде Сameco Kazakhstan Президенті Ғалымжан Пирматов Cameco Corporation-ның жергілікті, оның ішінде Қазақстан аумағында қоғамдастықты дамытуға ықпал ететін әлеуметтік мәнді бастамалар мен бағдарламаларды іске асыру саласында көпжылдық тәжірибесі мен дәстүрлері бар деп атап өтті. «Назарбаев Университетіне кітаптарды беру рәсімі жоғарыда айтылып кеткен жұмыстың жалғасы болып табылады, өйткені бүгінгі күні дарынды жастарға қолдау көрсету мен олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдайлар жасау, менің ойымша, ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы арқылы біз ғалымдардың, бизнесмендердің, инженерлер мен басқа да сала мамандарының жаңа буынын тәрбиелеуге өз үлесімізді қоспақпыз. Басқа сөзбен айтқанда, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін кадрлық әлеуетті құруға көмегімізді аямаймыз», – деп қорытындылады Ғалымжан Пирматов.

Кітаптар сыйлығы штаб-квартирасы Канадада орналасқан уран өндірумен, өндеу және конверсиясымен айналысатын әлем деңгейіндегі Сameco Corporation жетекші компанияның еншілес ұйымы – Сameco Kazakhstan компаниясы мен Назарбаев Университеті арасында алдын ала қол қойылған меморандум нәтижелерінің бірі болып табылды. Канада, Ұлыбритания және АҚШ баспаларынан Университетке берілген кітап коллекциясының құны 31 млн. теңге сомасын құрайды. Коллекцияға көптомдық энциклопедиялар, ғылыми еңбектердің жинақтары және ғарыш технологиялары, телекоммуникация, бизнес-даму, фотоника және энергияны үнемдеу, қалалық сәулет өнері және электрлік инженерия саласындағы анықтамалық материалдар кіреді. Басылымдар Назарбаев Университетінің мектептері мен ғылыми орталықтары үшін ас бағалы болып табылады.

Ғалымжан Пирматов Cameco-ның негізгі басылымдықтары жергілікті халыққа қолдау көрсету, Қазақстанда стратегиялық әріптестермен өзара қарым-қатынастарды орнату, сондай-ақ СП Инкай және жалпы уран өнеркәсібі үшін жоғары білікті кадрларды даярлау болып табылатын корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасын іске асыру мен Қазақстанда Компанияның тұрақты дамыту жұмыстарын одан әрі жалғастыруға ниет білдіріп отырғанын атап өтті.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706087, 706091, 706089
pressa@nu.edu.kz