Nazarbayev University Library

Назарбаев Университетінің Кітапханасы тәжірибені трансляциялайды

31 мамырда Жоғары білім беру көшбасшыларының жыл сайынғы Еуразиялық форумы (EHELF) аясында «Кітапханалық өзара әрекеттесу – 2017: университет кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер («Library Connect-2017»)» атты кәсіптік семинар өткізіледі.

Осы іс-шараны Қазақстанның ЖОО кітапханаларының жетекші мамандары мен басшылары күтіп отыр. Назарбаев Университетінің Кітапханасы өткен жылғы Library Connect іс-шарасынан шамамен 80-100 маман, оның ішінде онлайн-трансляция арқылы жиналған көптеген жақсы пікірлер алды.

Биыл семинар барысында таяу және қиыр шет елдердің кітапханашыларының баяндамалары, мастер-кластары ұсынылады, университеттердің білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық және кітапханалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша практикалық сабақтар мен консультациялар өткізіледі. Осы іс-шара туралы толығырақ «Литер» газетінің беттерінен оқи аласыздар немесе Форумның сайтында бар.