Назарбаев Университетінің Кітапханалық технологиялар мектебінде Қазақстанның кітапханашыларын үйретеді

Кітапхана технологиялары мектебі – 2017 жылдың 4 желтоқсанынан 8 желтоқсанына дейін Назарбаев Университетінің кітапханасында Назарбаев Университетінің Білім беру көшбасшылығы орталығымен бірлесе отырып,  кітапхана қызметкерлерін дамыту бойынша екінші рет ұйымдастырылып отырған, апталық семинар өтті. «Жоғары оқу орнының заманауи кітапханасы: басқару, ресурстар, технологиялар және қызмет көрсету нысандары» бағдарламасының тақырыбы бірнеше дәрістер мен практикалық сабақтарды біріктірді:

  • «Университет кітапханасындағы менеджмент»;
  • «Оқу үдерісіне және университеттің ғылыми зерттеулеріне арналған кітапхананың ресурстары мен қызметтері»;
  • «Ашық репозиторилер. Каталогтың қазіргі заманғы үрдістері».

Семинарға Қазақстанның 12 аймағынан 35 қатысушы қатысты: 8 университет  кітапханларының директорлары: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, У.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, Қарағанды экономикалық университеті, Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Дулатов Қостанай инженерлік-экономикалық университеті және т.б. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кітапханаларының ақпараттық библиографиялық бөлімінің 11 жетекшісі және 16 жетекші кітапханашы, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Ш.Уәлиханов Көкшетау мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік университеті және т.б.

     Баяндаушылар қатарында Назарбаев Университетінің кітапханашыларымен қатар, Жоғары білім беру мектебінің профессорлары мен Назарбаев Университетінің Білім беру көшбасшылар орталығы, сондай-ақ аймақтық өкілдері Elsevier және EBSCO.

Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасында жоғары білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістерімен, университет кітапханаларын дамытудағы заманауи әлемдік тәсілдермен,  университет кітапханаларының қызметін бағалаудағы халықаралық стандарттармен және Назарбаев Университетінде инклюзивті ортаны құру жобасымен танысуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің кітапханашылары кітапхананың дамуының маңызды жолдарынының бірі – электрондық ресурстарға жазылу жайында айтып, Назарбаев Университетінің Инстутуционалдық Репозиториін құру тәжірибесімен бөлісіп, импакт-көрсеткіштерді іздеу ерекшеліктері, еңбектерді жариялау үшін журнал таңдау, деректерді басқару және пәндік кітапханашының рөлі мен жұмыс ұйымдастыруы жайында айтты.

Қорытынды күні қатысушылар өткен материалдар бойынша тест тапсырды және Кітапхана технологиялары мектебінің озық курстарынан өткенін растайтын сертификаттар алды.

Еске салсақ, Кітапханалық технологиялар мектебі оқу орталығы болып табылады, оның өзгермейтін мақсаты – Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының кітапханаларының басшылары мен мамандарының көшбасшылық және кәсіби құзыреттерін жетілдіру, одан әрі дамыту және кітапханашыларға жаңа идеяларды шығаруға,  заманауи технологиялар мен ақпараттық-кітапханалық қызметтерді енгізуге ынталандыру. 2012 жылдан бастап Назарбаев Университетінің кітапханасы Университет кітапханалары қауымдастығымен бірлесіп, әртүрлі форматтағы кәсіби семинарлар мен кездесулер ұйымдастырады. Алдағы оқу іс-шаралары туралы ақпарат әрқашан Университеттік кітапханалар қауымдастығының веб-сайтынан таба аласыз.

Назарбаев Университетінде кітапхана қауымдастығына қатысты тақырыптар бойынша семинарлар мен тренингтер онлайн түрде ұйымдастырылады, сондай-ақ басқа кітапханаларға бару арқылы да жүзеге асырылады. Олардың арасында EHELF жоғары білім беру көшбасшыларының жыл сайынғы форумы аясында өткізілетін «Library Connect» конференциясы ерекше орын алады.