Назарбаев Университетінің Кампусы FIDIC халықаралық стандарттарын қолдана отырып құрылып жатыр

Кампустың оңтүстік бөлігінде орналасқан бірінші іске қосу кешені оқытушылар құрамына арналған 11 қабатты үйден және екі 13 қабатты студенттерге арналған жатақханадан тұрады. Олар Университеттегі ең үлкен ғимараттар болмақшы. Жаңа қазандық пен инженерлік желілер кіретін салынып жатқан объектілердің жалпы көлемі 67 мың шаршы метрді құрайды.

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы және «Сембол Улусларарасы Ятырым Тарым Туризм Пейзаж Иншатт Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети» АҚ арасында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және Бірінші Іске Қосу Кешенінің құрылысына жасалған келісімшартқа 2011 жылғы 22 желтоқсанда қол қойылды. Келісімшарттардың осы түрі мемлекеттік қаражат есебінен толығымен қаржыландырылған жағдайда Қазақстанда алғашқы рет қолданылатын болады және құрылыс үдерісінің қатысушылары арасында келешекте өзара қарым-қатынастарға жетуге мүмкіндік береді. Бұрын келісімшарттардың осы түрі Қазақстанда тек несиелік қаражатты пайдаланған кезде қолданылған болатын.

«Салынып жатқан кәсіпорын дирекциясы» жеке мекемесі FIDIC шарттарын Қазақстан заңнамасының талаптарына бейімдеу бойынша бастамашы болып табылады. Құрамына Назарбаев Университеті мен «СКМ» ЖМ-нің басшылығы кіретін келісімшартты бейімдеу бойынша жұмыс тобының отырысы жыл бойы жүргізіліп отырды.

FIDIC форматындағы келісімшартқа қол қою Университеттің тәуекелін төмендетуге, сондай-ақ белгіленген мерзім ішінде құрылыс жобасын іске асыруға мүмкіндік береді. «СКМ» ЖМ «Қазақстандық Жобаларды Басқару Қауымдастығының» және «Халықаралық Жобаларды Басқару Қауымдастығының» сертификатталған мүшесі болып табылады.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.111
+7(7172)706087, 706091, 706089
pressa@nu.edu.kz