Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі Еуразия өңірін зерттеуге арналған ASEEES және CESS екі халықаралық ұйымның бірлескен конференциясын өткізді.

2014 жылдың 22-24 мамыр аралығында Назарбаев Университетінде Славян, шығыс-еуропа  және еуразия зерттеу қауымдастығы (ASEEES) және Орталық-Еуразиялық зерттеу қоғамының (CESS) жыл сайынғы конференциясы өтті. ASEEES-CESS-тің бірлескен конференциясы өңір туралы аса ірі мульти пән конференцияларының бірі болып табылады. ASEEES  конференцияны Еуразия өңірінде, Қазақстанда алғаш рет өткізіп отыр.

ASEEES-CESS конференциясы көбінесе гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғалымдар мен практиктерді қызықтырады және Еуразия мен Қазақстан аймағына қатысты аса ауқымды тақырыптарды  қамтиды, мысалы: антропология, экономика, білім беру, тарих, тіл мен әдебиет, социология және тағы басқа. Конференция барысында екі негізгі спикер – Крис Хан, Макс-Планк атындағы әлеуметтік антропология Институтының (Халле/Салле, Германия) директоры (тақырыбы «Еуразияның барынша біріккен тұжырымдамасына қарай қозғалыс») және Альмира Усманова, Еуропа гуманитарлық университетінің Бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеу кафедрасының профессоры (Вильнюс, Литва) «Қосымша білім үшін: постсоциалистік мәдениетті зерделеудегі Марксизмнің орындылығы» деген тақырыпта баяндама жасады.

«Бұл конференция Қазақстаннан және көршілес елдерден жиналған халықаралық ғалымдарға өз әріптестерімен ғылыми пікір-сайысқа түсуіне мүмкіндік береді және халықаралық ынтымақтастықты нығайта түседі. Сонымен қатар шетелдік және қазақстандық  ғалымдар өз жұмыстарын халықаралық деңгейде таныстыра алады», – деді Джон Шоберлайн, ASEEES-CESS бірлескен конференциясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Еуразия  өңірін зерттеу жөніндегі  директор және Назарбаев Университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің профессоры. Сондай-ақ конференцияға қатысу шетелдік және қазақстандық ғалымдарға өз жұмыстарын халықаралық зерттеулер ыңғайында ұсына алады. Бұл жылы Джон Шоберлайн CESS ұйымының президенті болып тағайындалды.

Жалпы конференция барысында 80 панельді сессия мен 250 таныстырылым  көпшілік назарына ұсынылды. Конференцияға дүниенің 39 елінен келген 330-дай адам қатысты, оның ішінде: АҚШ-тан 76 панелист, Қазақстаннан 70, Ресейден 33 және Еуропа елдерден 36 панелист қатысты. 

apkecm.nu.edu.038532

Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр, д.53, каб.1115
+7(7172)706090, 706089, 706088, 709357, 708954
pressa@nu.edu.kz , www.nu.edu.kz