Назарбаев Университетінің Энергетикалық зерттеулер орталығында Эни кафедрасы құрылды

“Аджип Каспиан Си Б.В.” компаниясы (Қазақстан Республикасындағы Энидің өкілі), Назарбаев Университетінің Энергетикалық зерттеулер орталығы және Эни Корпоративтік университеті «Эни экологиялық инжиниринг кафедрасын» құру туралы келісімге қол қойды.

Энергетикалық зерттеулер орталығында айтқандай, жасаған келісім бойынша Эни Кафедрасының жұмысы басты назарын күн қуаты мен биоотынға бөліп, жаңартпалы қуат көздері саласындағы жоғары сапалы зерттеу мен оқыту арқылы орындалады.

Эниде атап айтқандай, компания өз іс-әрекетін жасап жүрген елдердегі жұмыскерлердің ғылыми-техникалық біліктілігін дамытуына әрдайым ерекеше назарып бөліп белсенді қатысып тұрады. Кафедраны құрып, оның жұмысына қолдау көрсету ретінде Эни оған үш жылдың ішінде 210,000 (екі жүз он мың) евро беретін болады.

Эни Корпоративтік Университеті С.п.А жұмыскерлерді таңдау, жалдау, оқыту және дайындау салаларындағы қызметін атқаратын Энидің компаниясы. Оның миссияларының бірі Эни іс-әрекетін жасап жүрген елдердегі жоғары оқу орындары және ғылыми зерттеу орталықтарымен қарым-қатынас жасауға Эниге қолдау көрсету.