Назарбаев Университетінің делегациясы Гонконг политехникалық университетіне барды

2018 жылғы 11-12 шілдеде НУ делегациясының Жібек жолы Университет альянсының (UASR) Атқарушы кеңесі мүшелерінің бірі, Гонконг политехникалық университетіне (Hong Kong PolyU) одан әрі ынтымақтастық туралы, әсіресе студенттермен алмасуға қатысты келіссөздер, сондай-ақ университет жұмысы барысымен танысу мақсатындағы сапары сәтті өтті. НУ делегациясы «Халықаралық ынтымақтастық», «Қаржы және бюджеттеу», сондай-ақ «Мұрағат және құжаттама» салаларындағы мүдделерін білдірді.
Сапар барысында қабылдаушы жақ кампусты аралап шығуға, студенттердің орналасуына және жаңа ортаға бейімделуіне, оқу мен мансап жолын одан әрі жоспарлауына көмектесетін, Университеттің қазіргі заманға сай жабдықтарымен, ғимараттарымен және көрсетілетін қызметтерімен таныстырды. Сонымен қатар, қабылдаушы университет халықаралық қатынастар, студенттік істер департаменттеріндегі құрылым мен жұмыс барысын, сондай-ақ Гонконг Университетіндегі шетелдік студенттерге, оқуға түсуге, құжаттамаға, қаржы және аудитке байланысты үрдістерді көрсетті.
Кездесулердің нәтижесінде екі ЖОО арасында студенттермен алмасу туралы ынтымақтастықты кеңейту үшін алдағы қадамдар талқыланып, сондай-ақ инженерия, ғылым және технология саласындағы негізгі басымдықтар анықталды.
НУ-дың Гонконг политехникалық университетімен ынтымақтастығы 2017 жылғы 19 шілдеде жасалған, мақсаты озық тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен ғылыми-зерттеулер мен жобаларды іске асыру салаларындағы ынтымақтастыққа одан әрі ықпал етуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумнан басталды. Өткен жылы Гонконг политехникалық университетінің Президенті, профессор Тимоти У.Тонг Инжиниринг және қолданбалы ғылым және тоқыма мектептерінің декандарымен бірге НУ-ға келген болады. Сонымен қатар, 2017 жылдың 25-27 шілдесінде 43 бакалавр-студент Гонконг политехникалық университеті мен Сиань Цзяо Тун университеті (Xi'an Jiaotong University) бірлесіп ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық жазғы мектебіне қатысты. Кейіннен ынтымақтастық әртүрлі конференцияларға қатысумен және өзара сапарлармен қамтамасыз етілді.