Назарбаев Университетінің Білім беру саясаты орталығы Назарбаев Зияткерлік мектептерге 100 мұғалім дайындады

Назарбаев Университетінде 4 шілдеде мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру курсының түлектеріне сертификаттар беру рәсімі өтті. 10-айлық күндізгі оқу бойынша Қазақстанның 12 аймақтарынан 100 мектеп мұғалімдері өтті.

Жаңа оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұжымдары биік біліктілікті 100 мұғалімімен толықтырылады. Олар дүниежүзілік тәжірибесіне лайықты 10-айлық кәсіби біліктілікті арттыру курсынын аяқтап отыр. Курстың бағдарламасы Лондонның университеттік колледжі (University College London) көмегімен әзірленген, курс инструкторлары-Ұлыбритания, AҚШ, тағы басқа елдерден. Сертификаттарды Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу және Назарбаев Зияткерлік мектептердің Басқармасының төрайымы Күляш Шәмшідинова берді.

Біліктілік арттыру курсы елдің 12 аймағынан келген мұғалімдерге ағылшын тілін дамыту, озық педагогиканың теориясын және тәжірибелік жаңа әдістемелері мен технологияларды игеруге мүмкіндік берді.

Рәсім барысында осы курстың нәтижесі, ұстаздар атқарған жұмыстың жемісі ретінде ең үздік ғылыми мақалалар жинағы сыйға тартылды. Жинақтағы инновациялық идеялар және зерттемелер алдағы уақытта тек қана авторларымен емес, еліміздің барлық мектептерің мұғалімдерімен пайдаланылуға болады. Ұсынылған әдістемелердің қатарында – физика мен химия сабақтарының лабораториялық жұмыстарында қауіпсіздік техникасы бейнероликатр арқылы үйрену, химия зерделеу үдерісінде ұялы телефондар қосымшаларын қолдану, география сабағынан инновациялық әзірленімдер. Сонымен, қазіргі оқушылар – жаңа технологиялар дәуірінде туған digital natives балаларды оқуға тартатын түрлі тәсілдер.

«Сіздерді мұғалімдер болғандықтарыңыздан студент деп атай алмаймын», деді бағдарлама түлектеріне жолдауында Назарбаев Университетінің Президент Шигео Катсу. Сертификаттар беру рәсімінде Назарбаев Университетінің Президенті белгілегендей, қазіргі педагогтар сыни тұрғыдан ойлап, білімдерін дағдыландырып, заманға сай болуы керек. Осы бағдарламаның түлектері Назарбаев Университеті білім беру бағдарламаларының бірінші түлектер қатарына кіргендігін атайп айтты.

«Бұл – ең таңдаулы да талантты ұстаздар,- дейді Білім беру саясаты орталығы директоры Аида Сағынтаева, – Мектептеріңізге оралғаннан кейін сіздер ұжымдарыңыздағы басқа да ұстаздарға тың серпін береді деген үміттеміз. Басты мақсат – зияткер ұлтты қалыптастыру үшін кәсіби тұрғыдан өсу», – деп тілек білдірді ол курс бітірүшілерге.

2011-2012 жылы курс Назарбаев Зияткерлік мектептеріне биік білікті мұғалімдер дайындауын жоспарлаған. Келесі, 2012-2013 оқу жылында Білім беру саясаты орталығы, қазақстандық мектептер үшін кадрлар даярлауды жалғастырады.

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz