Назарбаев Университетінің 470 студенті Foundation бағдарламасын бітіріп, бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуларын бастады

Назарбаев Университетінде Foundation бағдарламасы бойынша Дайындық орталығының түлектеріне сертификаттар берілді. Өз оқуларын ойдағыдай аяқтаған бағдарлама тындаушылары бакалавриат бағдарламасына көшіп, университет мектептерінде оқудың бірінші семестрін бастады.

Биыл Foundation бағдарламасы бойынша 470 студент оқуын бітірген болатын, олардың қатарында 27 студент үздік бітірді. Үздік оқушылардың ішінде 19 адам арнаулы пәндер ретінде математика мен физиканы, бесеуі – химия мен биологияны, үшеуі – экономиканы арнаулы таңдап оқыған еді. Үздік оқыған студенттерге Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу сертификаттар берді.

Назарбаев Университетінің Дайындық орталығы студенттерді Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламалары бойынша әрі қарай оқыту мақсатында құрылған болатын. Бағдарламаға математика, халықаралық қатынастар, экономика және академиялық ағылшын тілі, сондай-ақ химия, биология мен физика, сонымен қоса, осы пәндерден лабораториялық сабақтар кіреді.

Назарбаев Университеті Дайындық орталығының серіктесі Лондонның Университеттік Колледжі (University College London) болып табылады. 2012 жылы Лондонның Университеттік Колледжі жоғары оқу орындардың арасында QS World University Ranking рейтингі бойынша әлем деңгейінде төртінші болып танылды.

Мемлекет тарапынан Назарбаев Университетінің Дайындық орталығына жыл сайын 500 оқу гранты бөлінеді. 2013-2014 оқу жылына Foundation бағдарламасы бойынша талапкерлерді тіркеуді университет әдеттегідей, алдын ала, ағымдағы жылдың қараша айында бастайды.

Без названия (3) Без названия (11) Без названия (12) Без названия (10) Без названия (8) Без названия (7) Без названия (5) Без названия (4) 

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz