Назарбаев Университетінің ғалымы өзен бассейнін жергілікті деңгейде басқаруды қалай жолға қою керектігін айтты

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры Стефанос Ксенариос Қазақстанда бес жылдан астам уақыт бойы су ресурстарын басқару мәселелерін зерттеп келеді. Ол саланың қазіргі жағдайына түсініктеме беріп, менеджмент мәселелерін қалай шешуге болатынын айтты.

 “Қазақстанда өзен шаруашылықтарына судың сапасы немесе мөлшері жағынан көп көңіл бөлінеді. Бұл дұрыс, өйткені судың сапасы мәселесі өзектілігін жоғалтпайды. Алайда, басқару тұрғысынан әр өзеннің не болып жатқанын бақылайтын өзіндік ұйымы бар. Маңызды мәселелер кеңесте мүдделі тұлғалардың қатысуымен қабылданады. Менің ойымша, су қауіпсіздігі мәселелері қоғамдастық деңгейінде, онда тұратын адамдармен шешілуі керек. Бұл өте маңызды, өйткені олар күнделікті өмірде суды пайдаланады және егер бірдеңе дұрыс болмаса, алдымен олар зардап шегеді”,-деді зерттеуші.

 Ксенариос су қауіпсіздігі және оны жергілікті деңгейде қалай жақсарту туралы түсініктерін білу үшін ауыл шаруашылығы немесе өнеркәсіп сияқты тарапты қоғамдастықтардың өкілдерін қоғамдық кеңестерге шақыру керек деп санайды.

 Трансшекаралық сулар мәселелерін талқылау үшін көрші мемлекеттер өкілдерінің қатысуы өте маңызды. Егер Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық пен байланыс құралдары орнатылса, Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылуы сияқты көптеген қайғылы оқиғалардың алдын алуға болар еді, – деп түсіндіреді ғалым.

 “Бұл, мысалы, өзеннің жоғарғы ағысында су тасқыны кенеттен басталатыны туралы ерте ескерту жүйесі арқылы жұмыс істейді. Немесе егер біз Тәжікстаннан, Сырдариядан су көп келіп жатқанын және судың барған сайын жақын  екенін көрсек, жақындағы аудандарды эвакуациялауды бастауға болар еді. Халықаралық байланыстың болмауы да зиян тигізбейді, өйткені ерте ескерту жүйелері ұялы телефондар арқылы жұмыс істей алады”.

 Бұл ретте, профессор су ресурстарын басқару және қауіпсіз сумен жабдықтау мәселелерін талқылау үшін Орталық Азия елдерінің өкілдері жиналатын бірқатар ұйымдар бар екенін атап өтті, алайда зерттеу сауалнамасына қатысушылардың 80% – ы бұл диалогтарды тиімсіз деп санайды.

 Толық ақпарат алу үшін pressa@nu.edu.kz эл поштаcсына немесе +7 7172 706091 телефоны бойынша Назарбаев Университетінің Пресс-офисіне хабарласыңыз.