Назарбаев Университетіне тіркеудің бірінші айында 500-ге жуық талапкерлер өтінім берді

Назарбаев Университетінің сайтындағы Университеттің Дайындық орталығының 2013-2014 оқу жылына 484 талапкер тіркелді. Тіркеу Университеттің сайтында 2012 жылғы 1 қарашада басталды және 2013 жылғы 20 қаңтарда сағат түнгі 12-де аяқталады.

Өтінімдер Қазақстанның барлық аймақтарынан түсіп жатыр. Әзірше тіркелген үміткерлердің 23 % астаналықтар, 18,5 % – алматылықтар, 8% Қарағанды облысынан. Сонымен қатар, Қытайдан, Үндістаннан, Өзбекстан мен Албаниядан бес өтінім келіп түсті. Талапкерлерді тіркеу  университет порталы  арқылы жүргізілетінін естеріңізге саламыз.

Талапкерлер таңдап алған факультеттердің ішінде алдыңғы қатарда әзірше  Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (арнайы пәндік емтихандар – математика және сыни ойлау), Инженерия мектебі (математика және физика), Ғылым және технологиялар мектебі (математика және физика). 484 талапкердің ішінде – 253 қыз және 231 ұл бала. Сонымен қатар, Назарбаев Университеті 2013 жылы студенттерді тікелей бакалавриат бағдарламасына, сондай-ақ басқа университеттерден ауыстыру арқылы қабылдау жүргізетін болады.

Биыл Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінде – Басшыларға арналған бизнес-басқару/Executive MBA магистрлік бағдарламасына үміткерлерден құжаттарды қабылдау жұмыстарын бастады. Мектептің әріптесі Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес мектебі (АҚШ) болып табылады. EMBA бағдарламасының оқытушылары – Фукуа Бизнес мектебінің профессорлары. Мектептің оқытушы-профессорлар құрамы 2010 жылы Bloomberg Businessweek рейтингісіне сәйкес зияткерлік капитал бойынша әлемде бірінші орынға ие болды. Оқу 2013 жылы наурыз айында басталады.

Назарбаев Университетінің ақпараты бойынша 2012 жылғы күзде 506 қазақстандық студент Назарбаев Университетінің Дайындық Орталығында (Foundation бағдарламасы) білім алуға кірісті. Сонымен бірген, 31 адам бакалавриат бағдарламасына түсті және Петропавл мен Алматы қаласы университеттерінің екі студенті өздерінің дайындық деңгейлерін дәлелдей отырып, Назарбаев Университетіне оқуға түсті.

Назарбаев Университетінің Дайындық Орталығындағы 2013-2014 оқу жылына мемлекет 500 грант бөліп отыр. Сонымен қатар, Университет 2013 жылғы наурыз айында университетке грант негізінде оқуға тіклей түскісі келетін және басқа университеттерден ауысқысы келетін үміткерлерді тіркеу жұмыстарын бастайды. Executive MBA бағдарламасы бойынша оқыту коммерциялық негізде жүргізілетін болады.