Назарбаев Университетіне түсу үшін нені білу маңызды

Біз Назарбаев Университетінің Қабылдау департаменті (Admissions Department) директорының міндетін атқарушы Айжамал Жазықпаеваны әңгімеге тарттық.

Айжамал, Назарбаев Университеті Қабылдау департаменті жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берсеңіз

Басты ерекшелігіміз деп  мен біздің жұмысымыздағы ашықтық пен қол жетімділікті айтқан болар  едім. Біздің департаментіміз жыл бойы талапкерлер мен олардың ата – аналарына Назарбаев Университетіне оқуға түсу бойынша консультациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ біздің бағдарламаларымызға – университет алдындағы дайындық (NUFYP), бакалавриат, магистратура (NUZYP), магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы бойынша құжаттар беруге көмек көрсетеді.

Қабылдау департаменті қызметкерлері үшін талапкерлердің мамандық таңдауын анықтауға көмектесетін оқуға түсу бойынша қолжетімді ақпарат алуы өте маңызды. Жыл сайын, ағымдағы жылға студенттерді қабылдау жұмысы аяқталғаннан кейін, бұның алдындағы  оқу жылына қабылдауға байланысты барлық  ұсақ-түйектер мен мүмкін болатын кемшіліктерді талдай отырып, келесі қабылдауға дайындықты бірден бастаймыз. Біздің міндетіміз – талапкерлерге университетке түсуге алдын ала көмектесу. Осы мақсатта біз Университетте және өңірлерде ашық есік күндерін, елдегі және шет елдердегі рекрутинг кампаниясын өткіземіз, халықаралық және қазақстандық білім көрмелеріне қатысамыз, консультациялық көмек көрсетеміз, компаниялар мен ұйымдарға барамыз, ата-аналар жиналысын, кәсіптік бағдар беру жұмысына жетекшілік ететін педагогтар үшін семинарлар өткіземіз және т. б.

Біздің Қабылдау департаментімізді талапкерді ақпараттандыруда, дайындауда, Назарбаев Университетіне түсуде, тіпті ол студент болғанға дейін “жолсерік” деп атауға болады.

Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Назарбаев Университеті талапкерлерді онлайн-тіркеу жүйесін енгізді. Мұндай жүйенің артықшылықтары неде?

Назарбаев Университетінің Қабылдау департаменті алғаш рет 2011 жылы талапкерлер үшін онлайн-тіркеуді енгізді. Бұл жүйенің негізгі артықшылығы -талапкерлерге оқуға түсу конкурсына қатысу үшін тек сайтқа кіру қажет. admissions.nu.edu.kz жеке кабинет құру, “талапкердің сауалнамасын” толтыру, қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін бекіту және университетке жіберу. Осы  рәсімдердің барлығы  интернет-ресурс арқылы жүзеге асырылады. Яғни талапкерлер кез келген жерден, тәуліктің кез келген уақытында университетке түсу үшін конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Талапкер туралы ақпарат автоматты түрде Департамент базасына түседі, одан кейін Департамент қызметкерлері өтінішті өңдеп, конкурстан өту мәселелері бойынша талапкермен байланыс орната бастайды.

2015 жылдан бастап біз “талапкердің сауалнамасын” толтыру кезінде пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін бірқатар жаңалықтар енгіздік. 

Жоғары білім беру саласында өсе түскен бәсекелестіктің қазіргі жағдайында талапкерлермен жұмыс жүргізу үшін  инновациялық тәсілдер енгізіле ме?

Әрине, біз әрқашан трендте болуға және Назарбаев Университетінің бағдарламаларына мүдделі талапкерлерге сапалы қызмет көрсету үшін таңдаулы құралдарды пайдалануға тырысамыз. Біздің қызметкерлеріміз рекрутингтің ресми іс-шараларынан басқа, мүдделі қатысушылармен елдің өңірлерінде бейресми тұсаукесерлер өткізеді. Хабарландыру әлеуметтік желілер арқылы өтеді. Кездесу үшін кофеханалар мен басқа да бейресми алаңдар таңдалады,онда талапкерлердің  еркін жағдайда өз сұрақтарын қойып, толық кеңес алу мүмкіндігі бар.

Талаптар немесе түсу процесі туралы көбірек білгісі келетін кез келген адам бізге өтінім жаза алады (skypeconsultation@nu.edu.kz) Skype платформасы арқылы кеңес беру. Әлемнің кез келген нүктесінен біздің талапкерлер өздерін қызықтыратын сұрақтарды Skype-кеңес беру арқылы қоя алады.

Айталық, жүз рет естігенше бір рет көрген жақсы. Сондықтан барлық тілек білдірушілер бізбен немесе электрондық пошта арқылы хабарласа алады nu_tours@nu.edu.kz университет кампусы бойынша тур өткізуге өтінім беру үшін. Біздің қызметкерлер қонақтарды оқу блоктарымен, кітапханамен, жатақханамен және басқа да маңызды орындармен таныстыра отырып, НУ аумағында қарсы алады және өткізеді. Бұл қонақтарға университет ұсынатын оқу талаптары  мен мүмкіндіктерін жақсы түсінуге және көруге мүмкіндік береді. 

VK, Instagram, Facebook, Twitter және т. б. платформаларда университеттің әлеуметтік желілері арқылы біз мүдделі пайдаланушылармен белсенді қарым-қатынас жасауға тырысамыз. Біз әлеуметтік желілерде ақпаратты жай ғана орналастырумен шектелмейміз, сонымен қатар университет қызметкерлері мен студенттерінің қатысуымен тікелей эфир өткіземіз, бұл ақпаратты “бірінші қолдан” алуға мүмкіндік береді және түсу кезеңдерімен, бағдарламалармен және т. б. байланысты барлық сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік жасайды.

Біздің университетте оқудан басқа, қоғамдық негізде көптеген істермен – оның ішінде университетті ілгерілетумен айналысуға да дайын тамаша студенттер оқиды. Жыл сайын біздің студенттер өз демалыстары кезінде туған қалалар мен  мектептерде  бейресми презентациялар мен кездесулер өткізеді. Ол үшін студенттер қажетті дайындықтан өтеді және презентацияларда тарату үшін оқуға түсу туралы ақпарат бар лифлеттерді өзімен бірге алып жүреді, онда университетке түсу туралы әңгімелейді, осында өз тәжірибесімен бөліседі және өздерінің туған қалалары мен мектептерінен талапкерлерге пайдалы кеңестер бере алады.

Ақыр соңында, талапкерлер 8 7172 706555 телефонына қоңырау шалып, тікелей біздің Call-орталыққа хабарласып, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде кеңес алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ талапкерлер қабылдау Департаментінің admissions.nu.edu.kz сайтында “жанды” чатқа жаза алады . Ол үшін олар беттің төменгі оң жақ бұрышындағы белсенді терезеге басу керек.

Жалпы, барлық қызығушылық танытқан азаматтар университеттің кез келген ыңғайлы платформасын пайдалана алады: сайтта чат және VK, Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілері бар

Назарбаев Университетінің студенттері туралы толығырақ айтып берсеңіз

Бүгінгі таңда Назарбаев университетінде әлемнің 15 елінен, оның ішінде Орталық Азия, Ресей Федерациясы, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Әзірбайжан, Мексика және Африка елдерінің студенттері білім алуда. 2018 жылы университетте “Назарбаев Университетінің шетелдік студенттер қауымдастығы” құрылды.

Әрине, Университет Мультимәдени және көп ұлтты студенттер контингентін құруға ұмтылады және шет елдерден талантты жастарды тарту үшін жаңа нарықтарды зерттейді. Бүгінде Назарбаев Университетін дамытудың стратегиялық мақсаттарының бірі 2025 жылға қарай шетелдік студенттердің үлесін жалпы студенттер контингентінің 10% – ына дейін ұлғайту болып табылады. Сондықтан біз Назарбаев Университеті брендінің халықаралық білім беру кеңістігінде танылуын арттыру және әлемнің әр түкпірінен шетелдік студенттерді тарту тұрғысынан көбірек жұмыс істеуге тырысамыз.

Сіз НУ-ға  түсуге ниет білдірген үміткерлерге қандай кеңес берер едіңіз?

Назарбаев Университетінің бағдарламаларына қабылдау меритократия қағидаты бойынша өтеді, бұл неғұрлым перспективалы және дарынды студенттерді іріктеуге ықпал етеді. Осылайша, Назарбаев Университетінің бағдарламаларына түсуге қойылатын талаптар азаматтығына қарамастан барлық кандидаттар үшін бірыңғай.

Назарбаев Университетіне түскісі келетіндерге біз ең алдымен сайтпен танысуға кеңес берер едік (admissions.nu.edu.kz) әр мектеп және университет бағдарламалары бойынша барлық талаптар мен түсу мерзімі сипатталған. Сұрақтар туындаған жағдайда біз Назарбаев Университетінің қабылдау департаментінің Call-орталығына (8 7172 706555) қоңырау шалуға кеңес береміз. 

Бұдан әрі әрбір мектеп бағдарламаларының талаптарына байланысты IELTS/SAT/GRE/GMAT және т.б. осындай халықаралық сертификатталған тестілердің құрылымын зерделеу қажет. Тестке дайындықты алдын ала бастау керек. Мүмкіндігінше екі жыл немесе бір жыл. Бұл жағдайда талапкердің қолында барлық қажетті нәтижелер уақытында болады. Тиісінше, үміткер үлгермей қалуы немесе қажетті балл ала алмауы ықтималдығы төмендейді, себебі қажет болған жағдайда оның осы тестерді қайта тапсыруға уақыты болады.

Сонымен қатар біз талапкердің жеке кабинетінде орналасқан талапкердің онлайн-сауалнамасын толтыру жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысуға кеңес береміз. Бұл сауалнаманы толтыруда қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Әрине, өтінімді онлайн-тіркеу мерзімі аяқталған күні емес, алдын ала жіберуге тырысыңыз. Бәрін соңғы сәтке е қалдырмаңыз.

Егер талапкерлерге қандай да бір мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат қажет болған жағдайда, бізге – Қабылдау жөніндегі департаментке жүгінуге болады, кеңес береміз және тікелей менеджерден кеңес алуға болады. Біз емтиханға дайындық орталықтарынан және бөгде интернет-ресурстардан құжаттарды тапсыру бойынша ақпарат іздеуді ұсынбаймыз, өйткені онда баяндалған ақпараттың дұрыстығына ешкім жауапты болмайды.