Назарбаев Университетіне Лондонның лорд-мэрі келді

Назарбаев Университетінде Лондонның Лорд-мэрі Дэвид Вуттон ресми сапармен болды. Ол Энергетикалық зерттеулер орталығында BG ғылыми кітапханасының ашылуына қатысты, сондай-ақ Назарбаев Университеті Инженерия мектебінің өкілдерімен кездесті.

BG ғылыми кітапханасының ресми ашылу рәсіміне Лорд-мэр Дэвид Вуттон пен Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу қатысты. Шигео Катсу өз сөзінде атап айтып кеткендей, университеттің стратегиялық әріптестерінің арасында екі британдық жоғары оқу орны бар, олар – Лондон Унивверситеттік колледжі (Дайындық орталығы мен Инженерия мектебінің әріптесі) және Кэмбридж (Жоғары білім беру мектебінің әріптесі), ал Лорд-мэр Дэвид Вуттон оның түлегі екені атап айтылды.

Инженерия мектебінің өкілімен кездесуде Ұлыбританиямен білім және ғылым саласындағы әріптестік байланысты нығайтудың маңыздылығы жайлы да атап айтылды. Дэвид Вуттон Қазақстан инновациялар мен жаңа технологияларды дамытудағы үлкен ілгеріс көрсетіп отырғандығын атап өтті және де Назарбаев Университетінің Инженерия мектебі осы үдеріске өз үлесін қосуда.

Назарбаев Университетіне келу Дэвида Вуттон бағдарламасының бөлігі болған еді. Сити Лондонның Лорд-мэрі Қазақстанға сейсенбіде келді және ертең кетеді. Оның сапарының мақсаты – Сити Лондонның әлемдік жетекші халықаралық қаржы орталығына айналуына және қаржылық әрі кәсіпкерлік қызметтерді көрсететін британдық компанияларды ілгерілетуге, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда мен инвестицияларды кеңейтуге ықпал ету.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, 1115 каб.
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz