Назарбаев Университетіне 200 үміткер ауысуға немесе бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуларын бастағысы келеді

Назарбаев Университетіне “тікелей түсу” және “басқа жоғары оқу орындарынан ауысу” бағдарламалары бойынша 200 үміткер тіркелді. Биыл университет болашақ студенттер үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында қосымша қабылдау ережелерін әзірледі. Бұрын барлық қабылданған үміткерлер оқуларын Foundation дайындық  бағдарламасынан бастаған болатын.

Барлығы 172 адам  Университеттің Дайындық орталығындағы (Foundation бағдарламасы) оқудан бас тартып тікелей Университеттің бакалавриат бағдарламасына оқуға түсуге ниет білдірді. Олардың ішінде – 32 республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары, қазіргі қабылдау ережелері бойынша олар талапкерлердің жеке санатына кіргізілген.  Қабылдау комиссиясы  талапкерлердің арыздарын 2012 жылғы шілде айынан бастап қарайтын болады.

Сонымен қатар, 28 адам Назарбаев Университетіне басқа жоғары оқу орындарынан ауысуға ниет білдірді. Үміткерлер өз білімін  дайындық деңгейіне және университеттің әр мектебіндегі бос орындарға сәйкес, Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларының 1 немесе 2 курсында оқуларын жалғастыра алады.  Ауысатын студенттердің арыздары  шілде айында қабылдау комиссиясымен қарастырылатын болады.
Бүгін Назарбаев Университетінде 1 000-ға  жуық студенттер оқиды. 2012-2013 оқу жылына мемлекет тарабынан әдеттегідей Foundation бағдарламасы бойынша Назарбаев Университетінде білім алатын  Қазақстан азаматтарына 500 мемлекеттік грант бөлінді. Бакалавриат бағдарламалары бүгін Назарбаев Университетінің үш мектебінде: Инженерия мектебінде, Ғылым және технологиялар мектебінде, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде ұсынылады.

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz