Назарбаев Университетіндегі Жоғары білім көшбасшыларының жыл сайынғы VIII Еуразиялық форумы

Бүгін Назарбаев Университетінде Жоғары білім көшбасшыларының жыл сайынғы VIII Еуразиялық форумы ашылды. Биылғы жылы ұйымдастырушылар “Болашақ талабына сай түлектер” атты Форумның басты тақырыбына байланысты қызықты сессиялар, пікірталастар мен семинарлар дайындады. Форумға 12 елден 300-ге жуық делегат қатысты. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу форумға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйледі.

Пленарлық сессияларда қатысушылар жоғары оқу орындарының студенттерді еңбек нарығының өзгермелі сипатына бейімдеп даярлау, сондай-ақ болашақ көшбасшылар мен жауапты азаматтардың әлеуетін дамыту мүмкіндігін талқылайды. Бүгінгі таңда оқу орындарының алдында студенттердің бойына сіңіретін құндылықтарды барынша арттыру міндеті тұр, бұл дегеніміз – оқу тәжірибесін интернационалдандыру, зерттеулер мен оқытуға өмір бойы қатысуға мүмкіндік беру, сондай-ақ жетекші білім беру мекемелерімен сенімді әріптестік қарым-қатынас жасау. Іс-шара аясында Форум спикерлерімен пікірталас және сұхбат ұйымдастырылды.

“Бүгін біз өзгермелі, күтпеген, күрделі және бір мәнді емес әлемде өмір сүреміз. Біз цифрлық прогресс, компьютерлік технологияларды дамыту, жасанды интеллект, big data дәуірінде өмір сүреміз. Жасанды интеллект жүйесі бір жағынан адам ресурстарын ауыстыратын дәуірде, бірақ екінші жағынан жаңа мамандықтар үшін қажеттілік туғызады. Әлем өзгеріп жатыр, сондықтан бізге, жоғары оқу орындарына, студенттерге біздің клиенттеріміз ретінде ұсынатын қызметтерді жақсарту үшін форум тақырыбында қойылған сұрақтарға жауаптарды анықтау маңызды”, – деп атап өтті Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу.

Нью-Йорк Буффало университетінің академиялық істер жөніндегі Атқарушы вице-президенті Чарльз Зукоски цифрлық технологиялардың қарқынды дамуын атап өтті: “Жас ұрпақ туралы айтатын болсақ, біз бұл жастардың қолдарында ұялы телефондармен  туғанын түсінуіміз керек. Біз мәдениеттер мен қоғамдастықтар арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл тез және жылдам жүріп жатқан кезде цифрландыру дәуірінде өмір сүреміз”. 

Форум спикері, BCG Kazakhstan директоры Лейла Әбдімомынова жас мамандар арасында қашықтағы мамандықтар мен фриланстың тартымдылығын атап өтті. Ол сондай-ақ, білім беру мекемелері үшін бүгінгі күні әлі пайда болмаған болашақ мамандықтарға кадрларды даярлау мен болжай білу үлкен сын болып табылатынын қоса айтты.

Назарбаев Университетінің провосты, доктор Илесанми Адесида бүгінде Қазақстанда жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік пен тұтастық қағидаттарын енгізу бойынша реформа жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. “Мемлекет арасындағы қаржыландыру мәселелерінде тиімді ынтымақтастықтың маңызды рөліне назар аударғым келеді. Бұл бір-біріне өзара әсер ететін компоненттер. Мысалы, қазір біз студенттерді жасанды интеллект технологияларына үйретеміз. Өндірістік кәсіпорындарға келіп, студенттер практикалық машықтарға ие болып қана қоймай, осы компаниялардағы өндірістік үдерістерге өз үлесін қоса алады”, – деп атап өтті доктор Адесида.

Форумның бірінші күні жоғары білім беру мектебінде жоғары білімнің өзекті мәселелері бойынша халықаралық және қазақстандық авторлардың кітаптарының тұсаукесері өтті. Олардың ішінде Дэвид Бриджес редакциясымен “Білім беру жүйесін реформалау және интернационалдандыру: Қазақстан мектептерінің білім кейсі реформасы” (2014); Мэтт Хартли және Алан Руби редакциясымен “Жоғары білім беруді реформалау және дамыту: Қазақстан кейсі” (2017); “Өтпелі кезең жағдайында Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру жүйесін қаржыландыру моделіне қатысты университеттердің тұрақтылығы” (2019) авторлары Али Мхамед, Рита Кас, Аида Сағынтаева, Ханс Восенштайн.

Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің кітапханасында форум аясында “Университет кітапханаларының ғылым мен инновацияларға арналған ресурстары мен қызметтері” тақырыбында кітапханашыларға арналған «Университет кітапханасын дамытудың қазіргі  үрдістері» атты жыл сайынғы VIII халықаралық конференция ашылды. Жыл сайын конференцияны Назарбаев Университетінің кітапханасы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы және ҚР Жоғары оқу орындарының кітапханалар қауымдастығы өткізеді. Биылғы жылы оған Қытай, Германия, Үндістан, Нидерланды, Филиппин, Польша, Ресей, Түркия, АҚШ және т. б. қоса алғанда, әлемнің 15 елінен 120-дан астам адам қатысады.