Назарбаев Университетіндегі оқушыларға арналған жазғы ғылыми-зерттеу бағдарламасы

16 маусымда академиялық мәселелер жөніндегі вице-прост Лоретта О ‘ Доннелдің, декандардың, сондай-ақ мектептердің оқытушы-профессорлар құрамының қатысуымен ҚР Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10-11 сыныптарының қырық оқушысы үшін жазғы ғылыми-зерттеу бағдарламасының ашылу рәсімі өтті. Арнайы қонақ – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің даму департаментінің директоры Жұлдыз Сүлейменова қатысушыларға университет қабырғасында уақытты жемісті әрі қызықты өткізуге тілек білдірді. 

Екі апталық бағдарлама дарынды оқушыларды тартуға, жоғары және орта білім беру сабақтастығын қолдауға, сондай-ақ STEM-білім беруді ілгерілетуге бағытталған. Оқушылар үшін Медицина мектебі, Инженерия мектебі, Ғылым және технология мектебі, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі және Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі жобаларының тұсаукесерлері ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, қатысушылар академиялық ағылшын тілі сабақтарына қатысады.  

Өткен жылы Назарбаев Университеті Қазақстанның әр өңірлерінен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 200 оқушы үшін осындай бағдарламаны ұйымдастырды.