Назарбаев Университетіндегі IQanat республикалық олимпиадасы

Назарбаев Университетінде  IQanat республикалық олимпиадасының ресми ашылу рәсімі өтті, оған ауыл мектептерінен тоғызыншы сыныптың 712 оқушысы қатысты. Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы IQanat Foundation ауыл мектептерінің оқушыларын  ұлттық және шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға  түсу кезінде  тең дәрежеде қол жеткізуге қолдау көрсету мен ынталандыру мақсатында жүргізді. 2019 жылдан бастап IQanat бағдарламасы еліміздің 162 ауылдық ауданын, 30 000-нан астам ауыл мектептерінің оқушыларын қамтыды және олардың 712-сі финалға шықты.

9-сынып оқушылары ағылшын тілі, математика, физика пәндері және эссе жазу бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.  Бір апта бойы оқушылар үшін  үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда  маңызды болып табылатын soft skills  тренингтер сериясының  ұйымдастырылатынын атап өту жөн. Олимпиада соңында республикалық ЖОО-да білім алу үшін жеңімпаздарға грант беріледі.

Назарбаев Университеті IQanat Foundation-мен бірге ынтымақтастықтың аясында екі жыл бойы IQanat республикалық олимпиадасын өткізуге көмек көрсетуде.