Назарбаев Университетінде Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумы өз жұмысын бастады

Форумның ашылу рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Ербол Орынбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу қатысты.

”Біздің форум білімнің жаңа трансферті үшін, идеялармен алмасуға және жаңа трендтерді айқындауға қажетті қолайлы ортаны қалыптастырады деп сенеміз. Біздің форум жыл сайын Еуразия аймағынан және әлемнің өзге де елдерінен келген жоғары білім саласындағы топ-менеджерлерге, зерттеушілерге, сарапшылар мен саясаткерлерге өздерінің білімі мен тәжірибесімен алмасуға, оқуға және жаңалыққа үйренуге, нетворкингті ұйымдастыруға және бизнесті нығайтуға мүмкіндік беретін іс-шараға айналуы үшін біз бар күшімізді салатын боламыз”, – деді өзінің кіріспе сөзінде Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу.

Форум ағымдағы жылдың 20-21 тамызында өтеді. Іс-шараға 30-ға жуық елдерден білім беру саласының көшбасшылары мен топ-менеджерлері, жетекші ғалымдар мен зерттеушілер, үкімет тұлғалары мен саясаткерлер қатысуда. Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумының күн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы басқару мәселелеріне мән берілетін болады.

Форумның ерекше рәсімі бұл Назарбаев Университетінде әріптестері Пенсильвания Университеті (АҚШ) мен Кембридж Университеті (Ұлыбритания) болып табылатын Жоғары білім беру мектебінің ашылу салтанаты. Жаңа мектеп білім көшбасшыларын – басшыларды, жоғары білікті зерттеушілерді және ғалымдарды даярлайтын болады, сондықтан Мектептің оқытушы-профессорлар құрамына әлемге әйгілі ғалымдар кіретін болады. Сонымен қатар, жаңа мектеп бағдарламасының бір ерекшелігі пәнаралық тәсілді қолдану және Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес мектебімен, Висконсин Мэдисон Университетінің Гуманитарлық ғылымдар мектебімен, Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебімен бірге жасалған бірігей бағдарламалары бар Назарбаев Университетінің басқа да Мектептерінен профессорларды тарту болып табылады.

Бағдарламаның маңызды іс-шарасы Назарбаев Университетінің постер-презентациялары болып табылады. Осында дербестік пен академиялық бостандық принциптерімен қызмет ететін университетті басынан бастап қалай құруға болатыны ұсынылады. Сессияға Қазақстанның және Еуразиялық аймақ елдерінің жоғары оқу орындарының басшылары қатысады.

Форумның негізгі спикерлерінің қатарында Кембридж Университетінің Педагогика факультетінің Ғылыми зерттеулер директоры Дэвид Бриджес және Пенсильвания Университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мектебінің профессоры, Жоғары білім беру саласындағы Білім беру Альянсының төрағасы Роберт Земски бар. Форумға Назарбаев Университетінің халықаралық әріптестерінің қатарынан Кембридж және Лондонның Университеттік Колледжі (Ұлыбритания) және Пенсильвания Университетінің (АҚШ) өкілдері қатысады.

Қазіргі таңда жоғары білім беру саласындағы көшбасшылар Еуразиялық аймаққа үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Аймақтың көптеген елдері бүгін даму үдерісінің транзиттік кезеңінен өтіп жатыр, және осы елдердің білім беру саласында көптеген реформалар жүргізіліп жатыр. Осы елдердің ғаламдық білім беру кеңістігіне интеграциялану үдерісі өтіп жатыр.

Көп жақты талқылауларда қатысушылар ғаламдық тәжірибемен алмасатын болады. Форум барысында білім беру саласындағы өнімдер мен қызметтер жасайтын әлемдік және аймақтық өндірушілердің көрмесі өтеді.

EHELF 1

EHELF 2

EHELF 3

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz