Назарбаев Университетінде жасыл бизнес идеяларының халықаралық конкурсы басталады

2018 жылдың 13 маусымынан бастап 16 шілдесіне дейін тұрақты даму саласындағы инновациялық идеялар халықаралық Climate Launchpad конкурсына өтінімдер қабылданады. Инновациялық идеяларды жаһандық бизнеске айналдыруға көмектесетін конкурстың басты мақсаты – төмен көміртекті болашақты қамтамасыз ететін инновациялық жобаларды акселерациялау.
Конкурсқа қатысушылар қарқынды жаттығу сессияларға қатысуға бірегей мүмкіндік алады: 2-күндік Boot camp және 6 follow-up сессиялар, сондай-ақ танымал ұлттық және халықаралық әділ қазылар алдында өздерінің идеяларын ұсынуға мүмкіндік алады. Climate Launchpad байқауының аясында екі финал орын алады: Ұлттық – 20 қыркүйекте Назарбаев Университетінде және Гранд финал – 1-2 қараша аралығында Эдинбург қаласында (Шотландия).
Ұлттық финалда жарияланған үш жеңімпаз командалар Эдинбургқа тегін жолдама алады. Гранд- финалда ең үздік 10 идея EIT Climate-KIC Accelerator акселерациялық бағдарламасына қол жеткізеді, ал ең үздік үш идея жомарт ақшалай сыйақы алады: Бірінші орын: 10 000 €; Екінші орын: 5 000 €; Үшінші орын: 2 500 €.
Бұдан бөлек, ең қызықты идеялары бар командалар Назарбаев Университетінің кампусында өз жобаларын жүзеге асыра алады.

Climate Launchpad конкурсының тақырыптары:

  • Баламалы энергия
  • Жасыл ғимараттар
  • Су ресурстарын басқару
  • Қалдықтарды басқару
  • Өнеркәсіптік көлік
  • Жерді пайдаланушылық
  • Тұрақты тамақтандыру өнімдері

Шаралар бағдарламасы:
Қатысуға өтінім қабылдау: 13 маусым – 16 шілде
Үздік жобалар тандалуы: 17-31 шілде
Boot camp: 9-10 тамыз
Follow-up сессиялары: 17, 23-24 тамыз
Ұлттық финал: 20 қыркүйек
Гранд-финал: 1-2 қараша

Тіркелу үшін онлайн өтінімді толтырыңыз.