Назарбаев Университетінде жасыл бизнес идеялар байқауының ұлттық финалы басталады

2018 жылдың 20 қыркүйегінде Назарбаев Университетінде Climate Launchpad конкурсының Ұлттық финалы өтеді, онда тоғыз ұлттық финалист командасы төмен көміртекті болашақты насихаттайтын «жасыл» бизнес идеяларын ұсынады.

Climate Launchpad – бұл жасыл бизнес идеяларының ең ірі жаһандық конкурсы, ол таланттарды ашып және олардың тұрақты идеяларын ғаламдық бизнеске айналдыруға көмектеседі. Биыл 45 елдің өкілдері Гранд финалда «Climate KIC» акселерациялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігі үшін сайысады.

Ұлттық финалда жарияланған үш жеңімпаз командалар Эдинбург қаласында өтетін Гранд финалға жолдама алады. Гранд Финалдағы ең үздік 10 идея EIT Climate-KIC Accelerator акселерациялық бағдарламасына қол жеткізеді, ал ең үздік үш идея жомарт ақшалай сыйлық алады: Бірінші орын: 10 000 €; Екінші орын: 5 000 €; Үшінші орын: 2500 €.

Бұдан басқа, ең қызықты идеялары бар командалар Назарбаев Университетінің кампусында өз жобаларын жүзеге асыра алады.

Конкурс 20 қыркүйекте сағат 16: 00-де басталады.

Өтетін орны: C3 блогы, аудитория1022.

Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуіңізді сұраймыз.