Назарбаев Университетінде жаңа жатақханалар мен көп пәтерлі үйлер салынатын болады

Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу және Атқарушы кеңестің Төрағасы Аслан Сәрінжіпов үндеуі бар капсуланы бірге орнатты. Хат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған. Мәтіннің мазмұны құпия болып саналады. «Осы хат көп уақытқа дейін оқылмайтын шығар деп сенеміз, өйткені біз оны біздің кампусымыздың жаңа ғимаратының іргетасымен бірге салып жатырмыз. Осы ғимарат ұзақ уақыт бойы көркейіп тұрсын», – деді өз сөзінде Шигео Катсу.

Кампустың оңтүстік бөлігінде орналасқан бірінші іске қосу кешеніне оқытушы құрамға арналған екі 11 қабатты үй және екі 12 қабатты студенттердің жатақханасы кіреді. Салынып жатқан объектілердің, оның ішінде жаңа қазандық пен инженерлік желілердің жалпы көлемі 64 000 шаршы метрді құрайды.

Оқытушыларға арналған 258 пәтер мен 1000 студентке есептелінген жатақхана бөлмелері келесі жылдың жаз айында қолданысқа беріледі. 2013 жылдың күз айында Назарбаев Университетінің студенттері мен оқытушылары жаңа ғимараттарға қоныс аударады. Оқытушы құрамға арналған үйлерде әлеуметтік-тұрмыстық орталықтар, мейрамхана, фитнес-центр, шағын маркет, жабық паркинг орналасатын болады. Студенттер үшін жатақханаларда асхана бөлмелері, демалыс зоналары, оқу бөлмелері, суденттік клубтар, музыка залдары, медициналық пунктер және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелер орналасатын болады.

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz