Назарбаев Университетінде жаңа Провост тағайындалды

Назарбаев Университетінде жаңа Провост тағайындалды, ол 67 жастағы профессор АдесидаИлесанми. Халықаралық ғылыми және білім беру саласында ол табысты ғалым және әкімші ретіндетанымал. Назарбаев Университетінде Провост болып тағайындалғанға дейін Адесида ИлесанмиУрбанаШампэйндегі Иллинойс Университетінде (АҚШ) Провост және Академиялық мәселелербойынша вицеканцлер болып қызмет етті.

Назарбаев Университетінде жаңа Провост ретінде Адесида Илесанми академиялық жәнеғылымизерттеу бағдарламаларына, сондайақ ғылымизерттеу гранттарын тағайындауғажетекшілік ететін болады. Провосттың қарауына Назарбаев Университетінің саясатына сәйкессапаны қамтамасыз ету бағдарламаларын құру және іске асыру мәселелері кіреді.

Доктор Адесида Берклидегі Калифорния Университетінде электр инженериясы мамандығыбойынша 1974 жылы ғылым бакалавры, 1975 жылы ғылым магистрі және 1979 жылы ғылымдокторы дәрежесіне ие болды. 1979 – 1984 жылдар аралығында ол Корнелл Университетінде ғылыми қызметкер және шақырылған ассистент профессор қызметін атқарды. Ол 1985 – 1987 жылдар аралығында Нигериядағы Тафава Балева университетінде электр инженериясы кафедрасының меңгерушісі болды. Ол 1987 жылы Иллинойс Университетінің оқытушы-профессорлар құрамының қатарына қосылды, онда ол инженерлік ғылым профессоры, электр техникасы және есептеу техникасы профессоры, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар бойынша арнайы кеңесші болып қызмет атқарды.

2000 – 2005 жылдар аралығында ол Микро- және нанотехнологиялар зертханасының директоры, сондай-ақ Нано өлшемді ғылымдар мен технологиялар орталығының директоры (2001-2012 жылдар аралығында) лауазымын атқарды. Бұдан басқа, осы жылдары ол инженерия факультетінің деканы болды. Ол білім беру, ғылыми зерттеулер және инновациялық кәсіпкерлік саласындағы көптеген ұлттық/халықаралық әріптестік байланыстарды құрды.

Адесида Илесанми 350-ден астам рецензияланатын мақалалар жариялап, халықаралық конференцияларда 250-ден астам баяндамалар жасады. Көптеген пост-докторлық ғылыми қызметкерлермен жұмыс істеді және өз ғылыми-зерттеу зертханасында көптеген жоғары курс студенттерін тәрбиелеп шығарды. Ол Электр техникасы және электроника жөніндегі инженерлер институтының, Америкалық ғылымды дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының,  Америкалық Vacuum қоғамының, Америка Оптикалық қоғамының және Материалдарды зерттеу қоғамының мүшесі болып табылады. Ол бакалавриат бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы жетістіктері үшін Oakley Kunde сыйлығына ие болды, сондай-ақ Берклидегі Калифорния университетінің EECS кафедрасының үздік түлегі атанды. 2011 жылы ол айрықша еңбегі үшін IEEE EDS наградасына ие болды. 2016 жылы ол электрондық материалдар саласына қосқан зор үлесі үшін TMS бойынша сыйлықтың Джон Бардиннің функциялық материалдар номинациясындағы жеңімпазы ретінде танылды. Доктор Адесида инженерия бойынша декандардың ASEE кеңесінің мүшесі және 2009-2011 жылдар аралығында оның Қоғамдық саясат комитетінің төрағасы болды.

Ол 2012 жылы әлемдік экономика үшін дарындарды дамыту мәселесін талқылау мақсатында Чикагода өткен және бүкіл әлемнің ірі университеттерінің президенттері мен канцлерлері қатысқан, Университеттің Ғаламдық саммитінің 5-сессиясының төрағасы болды.

Ол  NSF Engineering Консультативтік кеңесінің төрағасы, NSF Waterman тағайындау жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде жұмыс атқарды және де CIC пен Провосттар комитеттерінде қызмет етті. Ол бірқатар ұлттық академиялар комитеттерінде жұмыс істеді және Құрама Штаттарының беделді Ұлттық инженерлік академиясының мүшесі болып саналады.

Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, каб.1115
+7(7172)709357, 706088, 706089, 708954, 706090
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz