Назарбаев Университетінде жаңа келген Оқытушы-профессорлар құрамына бағдарлау бағдарламасы өткізілді

2017 жылы 17-18 тамызда Назарбаев Университетінде жаңа келген Оқытушы-профессорлар құрамына бағдарлау бағдарламасы өткізілді.

«Этномәдени алуан түрлілік» – Назарбаев Университетінің (НУ) негізгі құндылықтарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда НУ халықаралық ұжымы әлемнің 55 елінің өкілдерінен тұрады. 30 жаңа оқытушылар, профессорлар мен зерттеушілер бағдарлау бағдарламасына қатысып, Астананың өмірімен танысып, «Этно ауылда» болып қазақ мәдениеті туралы толығырақ білу мүмкіндігіне ие болды.
Жаңадан қосылған профессорлардың университет қауымдастығына сәтті интеграциялануының маңыздылығын ескере отырып, екі күндік бағдарлама университеттің барлық қызмет түрлерін қамтуға бағытталды, оның ішінде академиялық және ғылыми-зерттеу бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыс пен Университеттің инфрақұрылымы да бар.

Университеттің Президенті Шигео Катсу жаңадан қосылған НУ мүшелерін құттықтап, Университеттің жетістіктерімен және жоспарларымен бөлісті. Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Қадиша Даирова Университеттің өмірге келу идеясы және оның алғашқы қадамдары туралы айтып берді. Бағдарлаудың екінші күнінде НУ провосты Илесанми Адесида және Академиялық мәселелер жөніндегі вице-провост Лоретта О’Доннелл Университеттің академиялық және ғылыми-зерттеу мәселелері бойынша жұмысына шолу жасады.

Ұлыбританиялық Клэр Гриффин Гуманитарлық және Әлеуметтік Ғылымдар Мектебінің жаңадан келген  мұғалімдерінің бірі. Ол маусым айында жұмыс істеу туралы ұсыныс алып, екі айдан соң ол алғаш рет Қазақстанға келді. Енді Клэр өзінің әсерлерімен бөлісті: «Көптеген шамдар мен жарқыраған әйнек ғимараттарының арқасында, Астана ғылыми-фантастикалық шығармалардың қаласына ұқсайды. Дегенмен, бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым болса да, мен «Ерте заманауи Ресейдегі ғылым мен медицина» атты ғылыми-зерттеу мамандығындағы жұмысымның арқасында, ол туралы көп естідім. Мен славяндық зерттеулерді зерттедім және Назарбаев Университеті, тұтастай алғанда бүкіл Қазақстан осы салада жақсы танымал. Бағдарлау аптасында біз әртүрлі салаларда дәрістер оқыдық, өзіме келетін болсам, мен жаңадан келген шетелдіктер үшін маңызды болып табылатын қаржылық және банктік шоттарға қызығушылық білдірдім. Назарбаев Университеті дамып келеді және бұл жерде жұмыс істеу қызықты әрі қажет деп санаймын.