Назарбаев Университетінде VII халықаралық Университет кітапханасын дамытудағы жаңа жаһандық үрдістеріне арналған конференция болды (Library Connect 2018)

2018 жылдың 23-24 мамыры Назарбаев Университеті Кітапханасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Кітапханасы және Қазақстан Республикасының Жоғары Оқу Орындарының Кітапханалар қауымдастығымен бірлесе отырып Жоғары білім беру көшбасшыларының жыл сайынғы Еуразиялық форумы шеңберінде «Кітапханалар және олардың өзгермелі қоғамдағы рөлі: стратегиялар мен тенденциялар» тақырыбында   Library Connect 2018 конференциясын өткізді.

Халықаралық конференция жыл  сайын кітапханалық қызмет саласындағы ең өзекті тақырыптарды талқылау үшін түрлі елдердің кітапханашылары мен ақпараттық мамандарын жинайды. Конференцияда шетелдік және Қазақстандық кітапханашылардың презентациялары, үздік тәжірибелерді және соңғы үрдістерді талқылау, сондай-ақ, Орталық Азия кітапханаларының кітапханалық және ақпараттық қызметтеріндегі  өзекті мәселелер бойынша консультациялар мен талқылаулар қамтылады. Ағымдағы жылы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Ұлттық кітапханаларының 160-тан астам жетекшілері және АҚШ, Түркия, Ресей, Индонезия және Қытайдан кітапханалық қызмет өкілдері қатысты.

Конференцияның бірінші күнінің негізгі қонағы Халықаралық кітапханалық ассоциациялар мен институттар федерациясының (IFLA) Даму бағдарламалары басқармасының бастығы –  Ингрид Бон болды. Өзінің құттықтау сөзінде ол Тұрақты Дамудың 2030 Бағдарламасының 17 мақсатындағы кітапханашылардың маңызды миссиясын атап өтті.

Конференцияның екінші күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Кітапханасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына Қазақстан, АҚШ, Англия, Ресей, Чехия, Литва, Сауд Арабиясы Корольдігі, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан өкілдері қатысты.

Конференция барысында Орталық Азия елдерінің кітапханашыларымен бірлесіп әр түрлі проблемалар мен оларды шешу тәсілдері және кітапханаларда кадрлармен жұмыс істеу мәселелері талқыланды. Назарбаев Университетінің кітапханашылары өз кезегінде,  статистикалық деректерді үйрету, бейімдеу; тренингтер өткізу сондай-ақ,  анықтама қызметтеріне қатысты құралдар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Конференцияның тікелей көрсетілімін, презентацияларды, кітаптардың тезистерін және  тренингтердің жазбасын сілтеме бойынша көруге болады.