Назарбаев Университетінде Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығы атап өтілді

2018 жылы 11 қыркүйекте Назарбаев Университетінде әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Шынғыс Айтматов – адамзат гуманизімінің шынары» атты әдеби-театрланған кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қырғызстанның мемлекеттік қайраткері Асқар Айтматов, Қырғызстанның ғалымы - әдебиеттанушы Абдылдажан Акматалиев, Ш.Айтматовтың шығармашылығын зерттеуші, Ардахан университетінің профессоры (Түркия) Орхан Сойлемез, Қазақстан Республикасындағы Қырғызстан мен Түркия елшіліктерінің өкілдері, ғалымдар, журналистер, Қазақстанның мәдениет қайраткерлері, еліміздің жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Іс-шара барысында Назарбаев Университетінің ГӘҒМ, ҒТМ 2-4 курс студенттері: Балталы Ақерке, Батырбай Гүлбике, Батырбаева Жанерке, Бескемпірова Аружан, Бөкембай Гүлсара, Каденова Аида, Қали Әсет, Қалыбек Нұрсултан, Қаматаева Аяжан, Катренов Саян, Хабибулла Мирас, Халмет Наргиз, Қуанышев Нұрдаулет, Маликова Назым, Мамет Анель, Сағадатова Ханшайым, Түгел Мухаммед және Тулабберген Зәйтуна Ш.Айтматовтың шығармаларына негізделген театрландырылған қойылымдар мен «Раймалы мен Бегімайдың жырын» орындады.
Іс-шараның мақсаты студенттердің рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру және оларды Назарбаев Университетінің бірлескен мәдени іс-шараларына барынша тарту болды.