Назарбаев Университетінде “Түркі әлемі және түркология мәселелері” атты дәрісі өтті

2018 жылдың сәуір айының 26 күні профессор Ильбер Ортайлы Назарбаев Университетінде «Түркі әлемі және түркологияның мәселелері» тақырыбында өзінің дәрісін өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырған Юнус Эмре түрік мәдени орталығы (Астана) мен Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Қазақ тілі және Түркология кафедрасы дәрісінде, қатысушылар  түркі тілдері арасындағы ұқсастықтарды, өткен тарихты түсіну үшін ежелгі заман тарихы мен филологиясын зерттеудің маңыздылығына баса назар аудара отырып, бүгінде болып жатқан жағдайларды түсіну үшін ХІХ ғасырда орын алған оқиғаларды жақсы түсіну қажеттілігін ескертті. Қазіргі замандағы түркі тілдерін соның ішінде қазақ тілін терең меңгеру үшін әдебиеттің маңыздылығына тоқталып өтті. Түркі әлемінің интеграциясы үшін кино, театр сияқты мәдени туындылардың алатын орны туралы да сөз қозғалды.

Профессор Ортайлы бүгіндері Туркияның ең беделді тарихшыларының бірі. Осман империясының мемлекеттік басқарау тарихына қатысты еңбектерінен бөлік, ғалым Германияның Осман империясына ықпалы туралы жазған еңбектерімен танымал. Осман империясы мен Түркия елінің әлеуметтік, мәдени және саяси тарихының түрлі қырлары бойынша жасаған зерттеулерінің тереңдегіне қатысты таластар болмауымен Ильбер Ортайлы Түркияның қоғамдық интеллектуалы және өз заманының нағыз феномені ретінде танымал.

Ильбер Ортайлы 1947 жылы Австрияның Брегенз қаласында дүниеге келген. Әке-шешесі Сталиндік режим заманында КСРО-дан қашып барған босқындар. Тегі қырым татарларынан шыққан профессор Ильбер Ортайлы әкесімен неміс, шешесімен орыс тілінде сөйлесіп екі тілдік ортада өседі.  Ол екі жаста болғанда әке-шешесі Түркияға көшеді. Профессор Ильбер Ортайлы Вена университетінде Славян тілдері және Шығыстану бойынша білім алған. Кейін Чикаго университетінде Халил Иналжиктің жетекшілігімен магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, Анкара университетінің докторантурасын тәмамдайды. Профессор Ортайлы Түркияның Анкара, Билкент, Галатасарай және Еуропа мен Ресейдің көптеген университеттерінде дәріс оқыған. 2005-2012 жылдар аралығындағы Стамбулдағы Топкапы музейінің директоры болған.