Назарбаев Университетінде тұңғыш рет ”Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту” тренингтік бағдарламаның бітіру рәсімі өтті

Осы бағдарлама «Бизнес жол картасы-2020» меклекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып табылады, тапсырыс беруші – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі. Мемлекеттік бағдарламаның «Кәсіпкерлік әлеуетті нығайту» атты төртінші бағытын жүзеге асыру шеңберінде Назарбаев Университетінің негізінде табысты бизнесті құрудың жаңа модельдерін енгізуге, істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқару дағдыларын дамытуға, стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шешуге бағытталған кіші және орта бизнес топ-менеджментін оқытуға ұйымдастырылды.
Бағдарламаны тиімді түрде жүзеге асыру мақсатында алдын ала кәсіпкерлерге өздерінің бизнесін дамытуға қажетті сұраныстар мен қажеттіліктерге бағалау жүргізілді, бизнесті жүргізу барысындағы қазақстандық тәжірибенің нәтижелері зерттелді, табысқа жеткен қазақстандық кәсіпкерлермен сұхбаттар өткізілді.
Тренингтің бағдарламасы тренингтердің бетпе-бет түрде өткізілуін көздеді, онда тыңдаушылар бизнес-модельдің негіздерін зерттеді, сондай-ақ қазақстандық мамандардың қатысуымен он-лайн семинарлар өткізілді, аталған семинардың барысында тыңдаушылар табысты бизнесті жүргізу тәжірибесімен және капиталды тарту әдістерімен танысты. Бағдарламаның соңында тыңдаушылар презентация өткізді және өздерінің табысты бизнес-жоспарларын қорғады, сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.
8-айлық бағдарламаға Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 210 кәсіпкер қатысты.
Салтанатты рәсім барысында Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу түлектерге сертификаттарды тапсырды, оларды «Executive Education» бағдарламасын ойдағыдай бітіргендері үшін құттықтады және «осы бағдарламаны іске асыру елдің кәсіпкерлік әлеуетін нығайтуға бағытталғанын, сондай-ақ қатысушылардың арасында өткізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша табысты болғанын» атап өтті. Шигео Катсу оқытуға қатысқан казақстандық компаниялардың басшылары алған білімдерін өздерінің бизнестерін дамытуға тиімді түрде пайдалана алады деп сенім білдірді.
Бағдарламаға қатысушылар мен Назарбаев Университетінің қызметкерлерінен басқа осы кездесуге ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің, Дьюк Университетінің өкілдері, «Даму» АҚ және т.б. қатысты.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090