Назарбаев Университетінде түлектердің екінші салтанатты оқу бітіру рәсімі өтті

2016 жылғы 11 маусымда Назарбаев Университетінде Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен түлектердің екінші салтанатты оқу бітіру рәсімі өткізілді.

Салтанатты рәсімге студенттер, олардың ата-аналары, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамы, ірі компаниялардың басшылары мен басқа да қонақтар қатысты.

img_6291

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2010 жылы құрылған Назарбаев Университеті отандық білім берудің флагманы болып табылады. Биыл Университетте 622 студент, оның ішінде 444 түлек бакалавриат бағдарламасы бойынша және 178 түлек магистратура бағдарламасы бойынша оқу бітірді.

img_5623

Студенттердің ең көп санын Ғылым және технологиялар мектебінің; Инженерия мектебінің; Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің; Жоғары білім беру мектебінің; Жоғары бизнес мектебінің, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің студенттері құрайды. Сұранысқа ие мамандықтардың ішінде электрлік және электрондық инженерия, биологиялық ғылымдар, саясаттану және халықаралық қатынастар, математика және т.б. ерекше атап өтілді.

img_7735

Университет құрылған кезден бастап жеті Мектептегі студенттердің жалпы саны 3300 адамға дейін өсті. Жыл сайын 700-ден астам адам білім беру гаранттарына ие болады. Оқуға түсу емтихандарының қорытындылары бойынша жоғары нәтиже алған талапкерлер студенттің бүкіл оқу кезеңіндегі шығыстарын өтейтін мемлекеттік білім беру грантының шеңберінде Университетте білім алады. Магистранттар мен докторанттарды оқыту да мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылады. Жоғары бизнес мектебінің бағдарламалары бойынша оқыту ерекшелік болып табылады. Назарбаев Университетінің Мектептері әлемнің жетекші университеттерімен әріптестікте әзірленген бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқытады. Білім беру, ғылым мен өндіріс арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету, сондай-ақ тиімді академиялық ортаны құру және еліміздің адами капиталын дамыту үшін Университетке үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылды.

dsc_6222

Биылғы түлектеріміздің жартысынан көбі Университетті бітірген соң еңбек жолын бастауды жоспарлап отыр, ал қалғандары әлемдік рейтингте алдыңғы қатарда тұрған жоғары оқу орындарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде өз оқуларын жалғастыратын болады.

Назарбаев Университетінің 2015 жылғы түлектері туралы ақпараттық анықтама:

Назарбаев Университетінің 2015 жылғы алғашқы түлектерінің табысты жетістіктері білім сапасының, мамандықтарға сұраныстың, оқу процесінің тиімділігінің және жоғары кәсіби білімі мен дағдылары бар, әрі қарай дамуға қабілетті мамандарды даярлау деңгейінің айғағы болып табылады.

522 студентті құрайтын алғашқы түлектеріміздің жартысынан көбі (52%) өз мамандықтары бойынша ойдағыдай табысты жұмысқа орналасты. Түлектердің 40% оқуларын жалғастыруды шешті және бүгінгі таңда олар әлемнің озық жоғары оқу орындарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде академиялық бағдарламалар бойынша білім алуда. Оның ішінде 198 студент магистратура бағдарламасында (174 адам) және докторантура бағдарламасында (24 адам) оқиды.

Жұмысқа орналасқан түлектердің 90% өздері таңдап алған қызмет саласында жинақтаған білімі мен тәжірибесін қолдануда. Білім беру саласында 106 адам (39%), ұлттық және жеке компанияларда 44 адам (16%) жұмыс істейді. 36 түлек (13%) PWC, Ernst & Young, McKinsey, KPMG, Deloitte сияқты аудиторлық және консалтингтік қызмет көрсететін әлемнің ірі компанияларына жұмысқа шақырылып, еңбек етуде.

Университет түлектерінің білім алу географиясы өте ауқымды. Түлектердің көпшілігі Ұлыбритания, Германия, Франция, Швеция сияқты Еуропа елдеріндегі оқуды таңдап алды, ал басқа бөлігі АҚШ, Азия және Тынық мұхит континентіндегі елдердің жоғары оқу орындарында білім алуда. Бұл ретте түлектердің көпшілігі (40 %-дың 14 %-ы) магистр және PhD дәрежесін алу үшін Қазақстанның отандық жоғары оқу орындарында білімін жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Университеттің бірқатар озат түлектерінің үздік үлгерімі мен жоғары академиялық жетістіктері Массачусет технологиялар институты, Берклидегі Калифорния Университеті және Стэнфорд Университеті сияқты әлемнің бірінші бестігіне кіретін шетелдік жоғары оқу орындарына қабылданған студенттердің алғашқы қатарына кіруге мүмкіндік берді.

Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, каб.1115
+7(7172)709357, 706088, 706089, 708954, 706090
pressa@nu.edu.kz