Назарбаев Университетінде Түлектердің екінші кездесуі өтті

2017 жылы 4-5 қарашада Назарбаев Университетінде Түлектердің екінші кездесуі өтті. Биыл 2 күнге созылған Түлектердің кездесу бағдарламасы: Ресми және  Спорт фестивалі – бөлімі болып ұйымдастырылды.  Іс-шаралар үлкен табыспен өтті, оған 200-ден астам түлек қатысты. Биылғы  Кездесудің интерактивті форматы түлектердің көңілінен шықты және іс-шараны сәтті өтті деп айтуға болады.

Назарбаев Университетінің басшылығы мен оқытушы-профессорлар құрамы да іс-шараға  белсенді қатысты және ынталандыру сипатындағы сөздері мен ойларын ортаға салды. Бұдан әрі кездесу шеңберінде тимбилдинг және нетворкингтік іс-шаралар өтті. Оларға әр түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткен арнайы шақырылған кәсіби спикерлер қатысты:  Гарет Стэмп ( Rotary Club of Astana негізін қалаушы), Асель Кожакова (Red Point Kazakhstan), Мирас Ибраимов (CrossFit Astana, A2 Supermarkets chain, THE SHOREDITCH) және Назарбаев Университетінің  ғылыми қызметкерлері Дәмелі Мектепбаева (НУ ABC QuickStart менторы, биомедицина саласындағы бірнеше стартап жобаларының супервайзері), Дана Ақылбекова («NLA» ЖМ аға ғылыми қызметкері).

Қатысушылар іс-шараның Назарбаев Университетінің әр жылдардағы түлектерін біріктіретін  кездесу екендігін атап көрсетті, бұл НУ Түлектері Қауымдастығың басты мақсатының бірі болып табылады.

Біз үшін түлектердің кездесулері Университетті әр жылдары бітіргендердің бірге бас қосып,  туған оқу орнының таныс та, көзге ыстық  қабырғасында тағы да табысуға мүмкіндік  беретіні аса маңызды.

Түлектердің келесі  кездесуі 2019 жылы Назарбаев Университеті Түлектер Қауымдастығының аясында өтетін болады.