Назарбаев Университетінде Тоталь Энерджи жазғы мектебі ашылады

“Total Energy Summer School” жазғы Энергетика мектебі бағдарламасына екінші жинау  2019 жылдың 14-17 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан) Назарбаев Университетінде өтеді. Бағдарламаны Назарбаев Университетінің қолдауымен Total компаниясы ұйымдастырды.

“Total Energy Summer School” бағдарламасы энергетикамен байланысты тақырыптарды зерттейтін  студенттер мен магистранттарға арналған.  Бағдарлама Мұнай және газ, мұнай-химия өнеркәсібі, геология және қоршаған орта сияқты салаларда маманданған қатысушылар үшін ерекше қызығушылық тудыруы мүмкін. Жазғы мектеп Халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, бизнес және басқару бойынша энергетикамен байланысты мәселелерді зерттейтін студенттерге де жарамды. 

“Total Energy Summer School” негізгі мақсаты қазақстандық студенттердің теориялық білімін арттыру және практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасындағы Халықаралық ғылыми-білім ынтымақтастығына  жәрдемдесу болып табылады. Лекцияларды өздерінің кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып және практикалық кейстерді қолдана отырып, Total-дың үздік мамандары оқитын болады.

Жазғы мектеп идеясын Total компаниясы ҚР Премьер-Министріне 2018 жылдың сәуір айында Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасымен кездесу кезінде ұсынды. Компания Қазақстанға энергетикалық секторда болашақ көшбасшылар мен мамандарды дайындауда көмектесуге ұмтылуда.  Total Energy жазғы мектебі Болашақ көшбасшылар үшін білім мен халықаралық тәжірибені ұсынып қана қоймай, сонымен қатар елдің мемлекеттік саясатының күн тәртібін жүзеге асыру мен бизнестің іс жүзіндегі қажеттіліктеріне ықпал етуге бағытталған.

2019 жылы 14 Мамырда Total Energy жазғы мектебі аясында “Кеңейтілген білім беру бағдарламалары арқылы Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті мұнай-газ және жаңғыртылатын секторын дамыту және индустрияда үздік тәжірибе алмасу” тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.  Дөңгелек үстел жұмысына Total сарапшылары, Білім және ғылым министрлігінің, Энергетика министрлігінің, салалық қауымдастықтардың, Ұлттық компаниялардың, университеттердің өкілдері және басқа да сала көшбасшылары қатысады. Бұл дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында өтетін техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бойынша инвесторлармен серіктестік Жол картасының бір бөлігі болып табылады.