Назарбаев Университетінде студенттер қатарына алу және Foundation бағдарламасы бойынша сертификаттар беру рәсімі өтіп жатыр

Foundation бағдарламасын бітіргені туралы сертификат 469 студентке беріледі. Қазіргі уақытта олардың барлығы Университеттің мектептерінде оқуын жалғастырып жатыр. Инженерия мектебінде 139 (29%) адам, Ғылым және технологиялар мектебінде 181 (39%) адам (олардың 58-і немесе 12% – пре-медицина бағадарламасында), Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінде – 149 (32%) адам оқиды. Өткен аптада мектептерде аралық емтихандар өткізілген болатын. Назарбаев Университетінің мектептерінде 70-тен астам профессорлар мен оқытушылар қызмет етеді, профессорлық құрамның 20% – қазақстандықтар.
502 бала студенттер қатарына алынатын болады. 2011 жылы тіркелген талапкерлердің саны 2010 жылмен салыстырғанда 728 адамға көбейді, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 21% құрайды. 4247 үміткерлердің ішінен 502 адам Университетте оқуын бастады. Биыл жастар зерттеу жұмыстарының негіздерін оқып, академиялық ағылшын тілінен білімін арттырады және лабораториялық жұмыс дағдыларын жетілдірумен айналысатын болады. Foundation бағдарламасында 60-тан астам оқытушы сабақ береді, олардың 4 – қазақстандықтар. Университет тарихында Foundation бағдарламасын бітіргені туралы сертификат тұңғыш рет беріліп отыр. Ең озат 32 студентке сертификаттарды Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу өзі тапсыратын болады.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090