Назарбаев Университетінде шағын және орта бизнес кәсіпорын басшыларын оқыту басталды

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде қазақстандық кәсіпкерлер біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша оқуларын бастады.  Оқыту «Бизнестің жол картасы – 2020» атты ҚР мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өтіп жатыр. Назарбаев Университеті 2011 жылдан бастап кәсіпкерлерді оқыта бастады.
Биыл бағдарламаға 420 студент қатысып отыр, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе артық – бұл аталған бағдарламаның үлкен табысқа жетіп отырғанының айғағы. Бағдарлама бойынша оқыту Назарбаев Университетіндегі үш күндік модульден басталды. Осы модуль аяқталған соң, бірнеше аптадан кейін  заңнама, қаржы, консалтингтік қызметтер саласындағы қазақстандық сарапшылармен бірнеше вебинарлар өткізілетін болады.
Аталған жоғары сапалы оқыту бағдарламасы бизнес  саласында білім беру және мәнді нәтижеге жеткісі келетін қазақстандық кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпорындардың басшыларына көмек көрсетуге бағытталған. Осы бағдарламаны әзірлеу жұмыстары мен сабақ беруді   Дьюк Университетінің (АҚШ) Duke Corporate Education-ның оқытушы-профессорлар құрамы  Назарбаев Университетімен ынтымақтастықта 5-6 ай ішінде жүзеге асыратын болады.   “Кәсіпкерлік бизнесті іске асыру сатысынан бизнестің өсу сатысына ауысуда, және осы оқыту бағдарламасы осы күрделі міндеттерді сәйкестіріп отыр», – дейді курстың жетекшісі, Duke Corporate Education оқытушылар құрамының мүшесі Роберт Розенфельд.
Қатысушыларға толық нарықтық бизнес-жобаны  жазу үшін үлгі ұсынылады. Әрбір жұмыс бойынша оқытушылардан қорытындыларды алған соң, қатысушылар егжей-тегжейлі бизнес жоспарды жасаулары тиіс. Ең үздік бизнес жоспар әзірлеген кәсіпкерлер  2013 жылы қазан айында оқудың аяқталуына байланысты салтанатты рәсімде өз жұмыстарын жюриге табыс ететін болады.
Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқытуды  қаржыландыру  «Бизнестің жол картасы – 2020» атты ҚР мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның, сондай-ақ  «Ernst & Young» халықаралық  компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
«Біз 21 ғасырда Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан дамуына басшылық ететін іскери көшбасшылар мен кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруды мақсат тұтамыз. Шағын және орта кәсіпорын басшыларының біліктілігін  арттыру бағдарламасы кәсіпкерлерге түрлі құралдар мен мүмкіндіктерді бағалауға, коммерциялық негіздемені анықтауға қажетті стратегияны ұсынады, сондай-ақ жаңа және жаңа жобаларды бастауға қажетті сенімділікті күшейтеді», – деді Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің Деканы Рамон О’Каллахен.  

apkecm.nu.edu.029299 apkecm.nu.edu.029300

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz