Назарбаев Университетінде ҚР Президентінің дәрісі өтті

Бүгін Қазақстан Президенті Назарбаев Университетiнде “Қазақстан білім қоғамы жолында” тақырыбында  интерактивтік дәріс өткізді.

Елбасы Назарбаев Университетін  университеттік білімнің көшбасшысы деп атaды, оныңқабырғасында “қазақстандықтарға бейбітшілік пен сенімді өркендеуді қамтамасыз ете отырып,Қазақстанды ХХІ ғасырда дамытатын еліміздің жаңа болашағы, мемлекетіміздің жаңа элитасықұрылып жатыр, – деді.

Дәрісті республикалық телеарналардан тікелей трансляциялау арқылы миллиондаған мектеп оқушылары, студенттер мен оқытушылар тыңдады.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев елімізді алға қарай табысты жетілдіру жолында білім беру, ғылым, экономика мен саясат саласында қандай жаңа істерді жүзеге асыру туралы өз ойларымен бөлістi.

Дәріс аяқталған соң  Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебін ашу рәсімі өткізілді.Назарбаев Университеті, Кембридж Университеті және Пенсильвания Университеті арасында аталған Мектепті құру туралы  меморандумға 2012 жылғы 20 тамыздa қол қойылды.

Кездесудің соңында Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің  қызметкерлерімен Болашақ бағдарламасының түлектерімен суретке түсті.

Без названия (1)

Без названия (2)

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706191
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz