Назарбаев Университетінде қазақстандық бизнес өкілдеріне арналған оқыту бағдарламасы басталды

Тренингтік бағдарламаның жалпы мерзімі бес айды құрайды. «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту»бағдарламасының форматы күндізгі оқу тренингтерін, онлайн семинарларды, сондай-ақ нақты бизнес-жоспарды құруды ұсынады. Оқу бағдарламасын Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Duke Corporate Education-мен (Дьюк Университеті, АҚШ) бірге әріптестікте қазақстандық бизнестің мүддесі мен қажеттілігі үшін әзірледі. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бағдарламаның мемлекеттік операторы болып табылады.

Биыл бағдарламаға қатысушылардың саны елеулі түрде өсті. «Осы бағдарлама бизнес мәселелерін талқылауға және дұрыс шешім қабылдауға, оларды шешудің стандартқа сай емес нұсқаларын табуға мүмкіндік береді», – дейді бағдарламаның былтырғы түлегі, Шығыс Қазақстаннан келген құрылыс компаниясының басшысы Қажұмхан Қаирденов. Алматыдан келген киім тігу фирмасының директоры Наталья Ахшабаева практикалық сабақтар мен «қызықты және идеяға толы адамдармен қарым-қатынас жасау» мүмкіндігі өте ұнағандығын атап өтті.

Қазақстандық кәсіпкерлерге арналған бағдарламаның бірінші бітірушілері 2011 жылғы қараша айында өтті. Біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді бағдарламалары Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

2011-11-09 (0).JPG
Мұрағаттан алынған сурет: Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу бағдарламаның түлегі, Қостанай облысынан келген кәсіпкер Алексей Староверовке сертификат беруде (қараша 2011 ж.)

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz