Назарбаев Университетінде Қазақстандағы инклюзивті білім туралы кітап тұсаукесері болды

2018 жылдың 20 маусымында Назарбаев Университетінің кітапханасында Қазақстандық журналист және «Esquire Kazakhstan» газетінің редакторы Гүлнара Бажкенованың «Жігер, жүрек және ниет болса…» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кітапта мұғалімдер мен ұстаздардың күн сайынғы инклюзивті білім беру саласында атқарып жатқан қыруар жұмысы жайында баяндалады.
Гүлнара Бажкенова, кітапқа арналған материалды жинау барысында Қазақстанның аймақтарындағы шағын қалалар мен ауылдардың мектептеріне, балабақшаларына және арнайы мектеп-интернаттарына барғаны жайлы айтты.

– Мен ұзақ уақыттан бері білім беру саласындағы проблемаларға қызығушылық танытып, бұл туралы жазамын, және мен сіздердің денсаулығыңыз толық сау және еліміздің бас қалалары – Алматы мен Астанада өмір сүрсеңіз де, біздің елімізде білім алу қаншалықты қиын екенін білемін. Егер сіз кішкентай ауылда дүниеге келсеңіз және қандай да бір ерекше қажеттіліктерге мұқтаж болсаңыз, білімге деген жол – шынайы ерлік. Менің кітапымның кейіпкерлері – мұғалімдер мен азаматтық белсенділер, балалар мен олардың ата-аналары осы қаситтерге ие », – деді автор.

Кітаптың тұсаукесеріне кітаптың басты кейіпкерлері, Назарбаев Университетінің студенттері мен қызметкерлері, Сорос-Қазақстан Қорының қызметкерлері, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығының өкілдері Рахым Ошақбаев, Ғалым Байтук және Динара Сатжан қатысты.

Инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша халықтың хабардарлық деңгейін көтеру мақсатында Назарбаев Университетінің кітапханасында «Жанды кітапханалар» сияқты тақырыптық іс-шаралар мен Қазақстандағы осы саладағы проблемаларды қамтитын маңызды кітаптардың тұсаукесерлері үнемі өткізіліп тұрады.