Назарбаев университетінде Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының «Менің Қазақстаным» фотоконкурсы жұмыстарының көрмесі өтеді

10-31 қантар аралығында Назарбаев Университетінде Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының (QazaqGeography) «Менің Қазақстаным» және Орыс географиялық қоғамының “Ең сұлу ел” фотоконкурстар жұмысының біріккен көрмесі өтеді. Көрмеде Қазақстан мен Ресейдің табиғаты, адамдары мен қалаларының 41 фотосуреті ұсынылатын болады.

«Менің Қазақстаным» фотоконкурсы табиғатты, адамдарды және Қазақстанды жаңа және күтпеген қырынан көрсететін ең үздік фотосуреттерді іздестіру мақсатында 2017 жылғы 25 шілде мен 24 қазан аралығында өткізілді. Конкурс үш сериядан құралды: «Осындай алуан түрлі Қазақстан: табиғат» (25 шілде – 24 тамыз), «Осындай алуан түрлі Қазақстан: адамдар» (25 тамыз – 24 қыркүйек) және «Осындай алуан түрлі Қазақстан: қалалар» (25 қыркүйек – 24 қазан). Жюри құрамына атақты қазақстандық фотографтар Ерболат Шадрахов, Тұрар Қазанғапов және Арман Женикеев кірді.

«Ең сұлу ел» фотоконкурсы – Орыс географиялық қоғамының 2015 жылдан бері жүргізіп келе жатқан жобасы. Биылғы жылғы конкурста «Ең сұлу ел. Пейзаж», «Әлем біздің қолымызда», Ресей халықтары», «Ресей үңгірлері», «Жабайы жануарлар», «Құстар», «Макроәлем», «Суасты әлемі», «Жас фотограф», «Ресейдің мәдени мұрасы», «Күн батқаннан таң атқанша», «Ресей құс ұшатын биіктіктен қарағанда» және «Көрермендердің көзайымы жүлдесі» номинацияларында қарастырылды.Қатысушылардың жұмыстарын Орыс географиялық қоғамының Президенті Сергей Шойгу, Табиғат қорғау, экология және көлік қызметінің мәселелері бойынша Ресей Федерациясы Президентінің өкілі Сергей Иванов, сондай-ақ белгілі фотографтар мен мәдениет қайраткерлері Сергей Горшков, Тимур Бекмамбетов, Вадим Горбатов, Даниил Коржонов, Сергей Шанин және Дмитрий Уткин бағалады.

Көрмеде «Менің Қазақстаным» және «Ең сұлу ел» фотоконкурстарының барлық сериялары мен номинацияларының үздік жұмыстары, сондай-ақ Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының экспедициясынан алынған фотосуреттер қойылды. 

2013 жылы құрылған «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі (QazaqGeography) бес бағытта жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биоалуан түрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазіргі таңда келесі өңірлерде 11 өкілдік ашылды: Алматы қ., Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары.

 

«QazaqGeography» Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» РҚБ

Мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53 үй, 11 блок, 11.103 кеңсе
Тел: +7(7172) 70 66 07

Email: kazgeography@nu.edu.kz

Сайт: www.qazaqgeography.kz

Facebook: Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы www.facebook.com/qazaqgeography

Instagram: QazaqGeography www.instagram.com/qazaqgeography