Назарбаев Университетінде Қазақстан мен әлем деңгейінде термоядролық энергетиканы дамыту мәселесі талқыланатын болады

«Қазақстандық материалтанушы токамак ҚТМ-ді құрудың инновациялық жобасы. Ғылыми зерттеулер және халықаралық серіктестік» атты семинар «Курчатовский институт» ғылыми-зерттеу ортылығының Президенті, Ресей ғылым академиясының мүшесі Евгений Велиховтың баяндамасымен ашылды. «Ғылым елдің дәулеті мен қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Әлемдегі ядролық отынның жетекші өндірушісі болып саналатын Қазақстан бұл салада өзінің жеке технологияларын дамытуы қажет» – деп атап өтті өз сөзінде ғалым. Басқарылатын термоядролық синтезді ұйымдастыратын токамак сияқты құрылғының ашылуы елімізде ядролық және термоядролық энергетиканың болашағына елеулі ықпал етуі мүмкін. Қазақстандық материалтанушы токамак Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының аумағында орналасқан (Курчатов қ, Шығыс Қазақстан облысы).
Өз кезегінде Назарбаев Университетінің Энергетикалық зерттеулер орталығы тремоядролық синтез технологиялары мен энергетика саласында бірқатар жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Назарбаев Университетінің Басқарушы директоры – Энергетикалық зерттеулер орталығының басшысы Қанат Байғарин атап өткендей, осы жобаларды жүзеге асыру жолында Аргонн ұлттық зертханасы, Лоуренс Берклидің Ұлттық зертханасы мен АҚШ-тың Принстон Университеті серіктес ретінде бірге жұмыс істеп жатыр.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090