Назарбаев Университетінде Қазақстан мектептеріндегі білім беру саласындағы маңызды трендтер талқыланды

Метақұзыретке бағыттанушылық, педагогтардың біліктілігін арттыру, «жалпыға ортақ білім беруден» «жеке сапалы білім беруге» көшу, сондай-ақ мектеп менеджементі мен АКТ-технологияларын дамыту – заманауи мектептік білім берудегі өзекті трендтер болып табылады.

2018 жылғы 20-21 желтоқсанда Назарбаев Университетінде біліктілікті арттыру курстарының жаттықтырушылары үшін «The second training conference for PDP trainers» тақырыбында екінші тәжірибелік конференция өтті, қатысушылар қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлін талқылады және ағылшын тілін оқытудағы тиімді әдістер мен тәсілдер бойынша мастер-кластарға қатысты.

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу (МДБТ) саласындағы ең өзекті трендтердің ішінде адами капиталды дамытудағы маңызды буын ретіндегі оның рөлін; мектепке дейінгі міндетті немесе мектепалды білім беру; біліктілікке қойылатын жоғары талаптар мен тәрбиешінің мәртебесі; мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі арқылы МДБТ-ны дамыту; мектепке дейінгі балалардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесін қолдануды дамыту; МДБТ-ны стандарттау және рейтингтерді енгізу мәселелерін атап өтуге болады, – деді Әсел Мұхаметжанова, Назарбаев Университеті “Білімді жетілдіру орталығының” директорының  білім беру бойынша орынбасары.

Конференцияның спикерлері білім беру саласындағы көшбасшылар мен зерттеушілер болды: «Астана» халықаралық университетінің құрылтайшысы және президенті Ирсалиев Серік; Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры Дуйшон Шаматов; Назарбаев Университетінің инновациялық оқыту жөніндегі басшысы Эн Шолл және «Ұстаз» кәсіби жетілдіру орталығының академиялық директоры Иманғалиев Нұрлан. Сонымен қатар аталмыш іс-шараға курстың жаттықтырушылары мен әдіскерлері, Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев Университетінің өкілдері қатысты.